Хадис

Бұзылған анттың өтемі жайында

Об искуплении нарушенной клятвы

Риядус-салихин, 316-тақырып · 4 хадис · № 1717–1720

Хадистер

1717
Риядус-салихин, № 1717

عَنْ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ سَمُرَةَ قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَإِذَا حَلَفْتَ عَلَى يَمِينٍ، فَرَأَيْتَ غَيْرَهَا خَيْرًا مِنْهَا، فَأتِ الَّذِى هُوَ خَيرٌ وَكَفِّرْ عَنْ يَمِينِكَ»

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Сәмура (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Қандай да бір іске қатысты ант-су ішкеннен кейін, одан да қайырлы істі көрсең, қайырлы болғанын істеп, антың бұзылған үшін кәффарат (өтем) төле», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6622, Муслим: 4281, Ахмад: 20618).

Орысша аудармасы

Абдуррахман ибн Самура (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Если ты поклянёшься поступить определённым образом, а затем увидишь, что иной поступок будет лучше, соверши то, что лучше, и исполни каффарат (искупление) за нарушение своей клятвы”» (Аль-Бухари: 6622; Муслим: 4281; Ахмад: 20618).

1718
Риядус-салихин, № 1718Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ، فَرَأَى غَيْرَهَا خَيْرًا مِنْهَا، فَلْيُكَفِّرْ عَنْ يَمِينِهِ، وَلْيَفْعَلِ الَّذِى هُوَ خَيْرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім бір іске қатысты ант ішіп, кейін басқа бір істі одан да қайырлы деп тапса, антын (бұзып) өтемін өтесін де, одан да қайырлы болған істі атқарсын», – деп айтқан (Муслим: 4271, Ахмад: 8734).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-нибудь поклянётся совершить определённый поступок, а затем сочтёт другой поступок более благим, пусть он (нарушив свою клятву) совершит за неё искупление и сделает то, что лучше» (Муслим: 4271; Ахмад: 8734).

1719
Риядус-салихин, № 1719Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنِّى واللَّهِ إِنْ شاءَ اللَّهُ لَا أحْلِفُ عَلَى يَمِينٍ، ثُمَّ أَرَى خَيرًا مِنْهَا إِلَّا كَفَّرْتُ عَنْ يَمِينِى، وَأَتَيْتُ الَّذِى هُوَ خَيْرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мен (уаллаһи, Алла қаласа) бір нәрсеге қатысты ант еткеннен кейін, одан да қайырлы нәрсені көрсем, антымды бұзып, өтемін өтеймін де, қайырлы болған нәрсені орындаймын», – деп айтқан (Бұхари: 6623, Муслим: 4263).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, если будет на то Его воля, всякий раз, когда я, поклявшись совершить что-либо, увижу, что иной поступок будет лучше, я нарушу свою клятву, совершу за неё искупление и сделаю то, что лучше» (Аль-Бухари: 6623; Муслим: 4263).

1720
Риядус-салихин, № 1720Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لأَنْ يَلَجَّ أَحَدُكُمْ فِى يَمِينِهِ فِى أَهْلِهِ آثَمُ لَهُ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى مِنْ أَنْ يُعْطِى كَفَّارَتَهُ الَّتِى فَرَضَ اللَّهُ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбіреуіңнің отбасына (ет жақындарына) қарсы ант ішіп қойып, сол антында табандап тұрып алуы, антын бұзып, Алла міндеттеген өтемін өтегенімен салыстырғанда Алланың құзырында әлдеқайда күнә саналады!» – деп айтты», – деген (Бұхари: 6625, Муслим: 4291, Ахмад: 8208).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо из вас даст клятву во вред своей семье (близким родственникам), то упорное соблюдение этой клятвы будет пред Аллахом гораздо более тяжким грехом, чем её нарушение и совершение предписанного Аллахом искупления!”» (Аль-Бухари: 6625; Муслим: 4291; Ахмад: 8208).