Хадис

Әдейілеп жалған ант ішу күнә

О греховности преднамеренной ложной клятвы

Риядус-салихин, 315-тақырып · 3 хадис · № 1714–1716

Хадистер

1714
Риядус-салихин, № 1714Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى مَالِ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِغَيرِ حَقِّهِ، لَقِيَ اللَّهَ وَهُوَ عَلَيْهِ غَضْبَانُ» قَالَ: ثُمَّ قَرَأَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، مِصْدَاقَهُ مِنْ كِتَابِ اللَّه تَعَالَى: «إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا» إِلَى آخِرِ الآيَةِ آل عمران: 77

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім мұсылман адамның дүние-мүлкіне қол сұғу үшін жалған ант ішетін болса, Алланың алдына барғанда, Алла оған ашулы болады», – деп айтқан. Ибн Масғуд (сөзін жалғастырып): «Содан соң Алла елшісі бізге құдіретті күшті Алланың кітабынан осы сөзін растайтын мына аятты оқыды: «Аллаға берген уәделерін және ішкен анттарын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың (сауап тұрғысынан) ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ. Қиямет күні Алла олармен мүлдем тілдеспейді, оларға көз қиығын да салмайды және (күнәларынан) тазартпайды. Олар үшін (о дүниеде) жан төзгісіз азап бар», – деді (Бұхари: 2356, Муслим: 355, Ахмад: 3597).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тот, кто даст ложную клятву, желая завладеть имуществом мусульманина, предстанет перед Аллахом, и Аллах будет разгневан на него».

Продолжая свой рассказ, Ибн Масуд сказал: «Затем Посланник Аллаха ﷺ прочитал нам из Книги Всемогущего Аллаха следующий аят, подтверждающий его слова: “Тем, кто продаёт данные Аллаху обещания и свои клятвы за ничтожную цену, нарушая их ради жалкой выгоды, не будет в Последней жизни никакой доли (в смысле награды). В День воскресения Аллах вовсе не заговорит с ними, даже не взглянет на них и не очистит их (от грехов). Им (в Последней жизни) уготовано мучительное наказание” (Коран, 3:77)» (Аль-Бухари: 2356; Муслим: 355; Ахмад: 3597).

Түсіндірме (қазақша)

Алланың Құранда және хадистерде келген «күлу», «риза болу», «ашулану» және «қаһарлану» сынды сифаттары жаратылыстардағыдай, соның ішінде адамдардың бойындағындай эмоциялық күйлерді (الانفعالات) білдірмейді. Өйткені Алла жаратылысқа ұқсамайды. Ғалымдарымыз Алланың Өзіне ғана тән болған мұндай сифаттарды – Зати сифат (صفات الذات) немесе Фиғли сифат (صفات الْفعل) деп түсіндірген. Мысалы Аллаға тән «риза болу» сифатын Зати сифат деп түсінсек, онда оның мағынасы Алланың пендесіне қандай да бір жақсылықты қалауы (إِرادة الْخير) дегенді білдіреді. Ал егер Фиғли сифат деп түсінсек, онда оның мағынасы Алланың пендесіне қандай да бір жақсылықты жасауы (إِيصال الْخير) дегенді білдіреді. Ал жаратылыстың бойында болса, бұлар әртүрлі, құбылмалы басы мен соңы болған, әралуан деңгейлері болған психо-эмоциялық күйлерді білдіреді.

Түсіндірме (орысша)

Такие упомянутые в Коране и хадисах сифаты Аллаха, как «смех», «довольство», «гнев» и «негодование», не обозначают эмоциональных состояний (الِانْفِعَالَاتُ), подобных тем, что свойственны творениям, в том числе людям. Ибо Аллах не подобен Своим творениям.

Наши учёные относили такие присущие лишь Аллаху сифаты либо к сущностным сифатам – зати-сифатам (صِفَاتُ الذَّاتِ), либо к сифатам действия – фиили-сифатам (صِفَاتُ الْفِعْلِ).

Например, если присущий Аллаху сифат «довольство» понимать как зати-сифат, это означает, что Аллах желает Своему рабу какого-либо блага (إِرَادَةُ الْخَيْرِ). Если же понимать его как фиили-сифат, это означает, что Аллах дарует Своему рабу какое-либо благо (إِيصَالُ الْخَيْرِ).

У творений же эти понятия обозначают различные, изменчивые психоэмоциональные состояния, имеющие начало и конец и проявляющиеся в разной степени.

1715
Риядус-салихин, № 1715

عَنْ أَبِى أُمَامَة إِياس بْنِ ثعلبة الْحارثي أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ اقْتَطَعَ حَقَّ امْرِىءٍ مُسْلِمٍ بِيَمِينِهِ، فَقَدْ أَوْجَبَ اللَّهُ لَهُ النَّارَ. وَحَرَّمَ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ» فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: وَإِنْ كَانَ شَيْئًا يَسِيرًا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «وإِنْ كَانَ قَضِيبًا مِنْ أَرَاكٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Үмәма Ияс ибн Сағлаба әл-Хариси (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Алла жалған ант-су ішіп мұсылманның ақысын жеген адамға тозақ отын міндетті етіп, жаннатты харам қылады», – дегенде, бір сахаба: «Уа, Расулалла! Болмашы нәрсе болса да ма?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Мисуак ағашының бір тал шыбығы болса да», – деп айтады», – деген (Муслим: 353, Ахмад: 24009).

Орысша аудармасы

Абу Умама Ияс ибн Саляба аль-Хариси (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Того, кто посредством ложной клятвы присвоит себе то, что по праву принадлежит мусульманину, Аллах обречёт на Огонь ада и лишит рая”. Один из сподвижников спросил: “О Посланник Аллаха! Даже если речь идёт о чём-то незначительном?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Даже если это будет всего лишь одна веточка арака (дерева, из которого делают мисвак)”» (Муслим: 353; Ахмад: 24009).

1716
Риядус-салихин, № 1716Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عبد اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاصِ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «الكَبَائِرُ: الْإِشْرَاكُ بِاللَّهِ، وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ، وَقَتْلُ النَّفْسِ، واليَمِينُ الْغَمُوسُ».

وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: أَنَّ أعْرابِيًا جَاءَ إِلَى النَّبِيّ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا الْكَبَائِرُ؟ قَالَ: «الإِشْرَاكُ بِاللَّهِ» قَالَ: ثُمَّ مَاذا؟ قَالَ: «اليَمِينُ الْغَمُوسُ» قُلْتُ: وَمَا الْيَمِينُ الْغَمُوسُ؟ قَالَ: «الَّذِى يَقْتَطِعُ مَالَ امْرِئٍ مُسْلِمٍ» يعنِى بِيَمِينٍ هُوَ فِيهَا كَاذِبٌ

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Үлкен күнәлар – Аллаға серік қосу, ата-анаға бағынбау, адам өлтіру және жалған ант ішу», – деп айтқан (Бұхари: 6675, Ахмад: 6884).

Имам Бұхари келтірген басқа бір риуаятта: «Бір бәдәуи Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Расулалла! Үлкен күналарға не жатады?» – деп сұрағанда, оған: «Аллаға серік қосу!» – деп жауап береді. Ол: «Содан кейін не?» – деп сұрағанда, оған: «Адамды күнәға батыратын ант!» – деп жауап береді. Сонда мен: «Адамды күнәға батыратын ант не?» – деп сұрағанымда, Алла елшісі: «Мұсылман адамның дүние-мүкінен бір нәрсені қолды қылу үшін айтылған жалған ант!» – деп жауап берді», – деген.

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «К великим грехам относятся приобщение сотоварищей к Аллаху, неповиновение родителям, убийство человека и ложная клятва» (Аль-Бухари: 6675; Ахмад: 6884).

В другой версии, приведённой имамом аль-Бухари, Абдуллах ибн Амр сказал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл бедуин и спросил: “О Посланник Аллаха! Что относится к великим грехам?” Пророк ﷺ ответил: “Приобщение сотоварищей к Аллаху!” Бедуин спросил: “А что затем?” Пророк ﷺ ответил: “Клятва, ввергающая человека в грех!” Тогда я спросил: “Что такое клятва, ввергающая человека в грех?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ложная клятва, принесённая ради присвоения чего-либо из имущества мусульманина!”»