Хадис

Риядус-салихин, № 1692

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
307. Малға қоңырау байлау жайында
Нөмірі
№ 1692 (қазақша басылым реті)
1692
Риядус-салихин, № 1692Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَصْحَبُ الْمَلَائِكَةُ رُفْقَةً فِيهَا كَلْبٌ أوْ جَرَسٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Періштелер ішінде ит немесе қоңырау тағылған мал болған жолаушы топпен бірге жүрмейді», – деп айтты», – деген (Муслим: 5546, Ахмад: 8097).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ангелы не сопровождают группу путников, если с ними находится собака или животное с привязанным к нему колокольчиком» (Муслим: 5546; Ахмад: 8097).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадисте адамдардың амалдарын жазатын періштелерден бөлек, адамдарды қорғап-қоршап жүретін, олар үшін Алладан кешірім немесе береке тілейтін періштелер де меңзелген. Сондай-ақ мұнда адамдарға, соның ішінде жолаушыларға ешбір пайдасы жоқ, яки арнайы қызметі болмаған иттер меңзелуде. Ал жол-жөнекей мал айдасатын немесе мал мен керуенді күзететін иттердің жөні бөлек.

Түсіндірме (орысша)

В этом хадисе подразумеваются ангелы, отличные от ангелов, записывающих деяния людей: те, кто оберегает и защищает людей, а также просит для них у Аллаха прощения или благодати. Кроме того, здесь подразумеваются собаки, которые не приносят людям, в том числе путникам, никакой пользы и не выполняют какой-либо особой функции. Что же касается собак, которые помогают перегонять скот в пути либо охраняют скот и караван, то к ним это не относится.