Хадис

Риядус-салихин, № 1687

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
305. Бейнелеу өнерінің тыйым салынған түрлері
Нөмірі
№ 1687 (қазақша басылым реті)
1687
Риядус-салихин, № 1687Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: وَعَدَ رسُولَ اللَّهِ ﷺ جِبْرِيلُ أَنْ يَأْتِيَهُ، فَرَاثَ عَلَيْهِ حَتَّى اشْتَدَّ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَخَرَجَ فَلَقِيَهُ جِبْرِيلُ فَشَكَا إِلَيهِ، فَقَالَ: إِنَّا لَا نَدْخُلُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Жәбірейіл періште Алла елшісіне ﷺ белгілі бір уақытта келемін деп уәде беріп, артынша біраз уақыт кешіккен еді. Кешіккені Алла елшісіне ауыр тиді. Сыртқа шыққанында Жәбірейілді жолықтырып, кешіккеніне ренішін білдірді. Сонда Жәбірейіл оған: «Біз ішінде ит пен жанды нәрсенің бейнесі болған үйге кірмейміз», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5960).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Ангел Джибрил обещал прийти к Посланнику Аллаха ﷺ в назначенное время, однако некоторое время задерживался. Посланник Аллаха ﷺ тяжело переживал его задержку. Выйдя наружу, он встретил Джибрила и посетовал ему на то, что тот опоздал. Тогда Джибрил сказал: “Мы не входим в дом, в котором находятся собака или изображение живого существа”» (Аль-Бухари: 5960).