عَنْ عُروة بْنِ عامر قَالَ: ذُكِرَتِ الطِّيَرَةُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَحْسَنُهَا الْفَألُ. وَلَا تَرُدُّ مُسْلِمًا فإِذا رَأَى أَحَدُكُمْ ما يَكْرَهُ، فَليْقلْ: اللَّهُمَّ لَا يَأْتِى بِالْحَسَناتِ إِلَّا أَنْتَ، وَلَا يَدْفَعُ السَّيِّئَاتِ إِلَّا أَنْتَ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِكَ»
Уруа ибн Амир (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің ﷺ мәжілісінде жақсы-жаман ырымдарға қатысты әңгіме қозғалған еді. Сонда Алла елшісі: «Ең абзалы – жақсылыққа жору, сондықтан жаман ырым еш уақытта мұсылманды алған бетінен қайтармасын. Қайсыбірің көңіліне жақпайтын қандай да бір нәрсе (құбылыс) көрсе: «Уа, Алла Тағалам! Жақсылық атаулының барлығы бір Өзіңнен ғана келеді. Сондай-ақ жамандық атаулыға бір Өзің ғана тосқауыл бола аласың. Нағыз құдірет Саған ғана тән әрі бізге күш-қуат беретін де бір Өзіңсің», – деп дұға етсін», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3919).
Урва ибн Амир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды на собрании с Посланником Аллаха ﷺ зашла речь о добрых и дурных предзнаменованиях. Тогда Посланник Аллаха сказал: “Лучшее из предзнаменований – доброе. Поэтому дурная примета никогда не должна заставлять мусульманина отказываться от задуманного. Если кто-нибудь из вас увидит нечто неприятное для себя (какое-либо явление), пусть обратится с такой мольбой: ‘О Аллах Всевышний! Всё благое исходит только от Тебя, и лишь Ты способен отвратить всякое зло. Истинное могущество принадлежит одному Тебе, и только Ты наделяешь нас силой и мощью’”» (Абу Дауд: 3919).