Хадис

Риядус-салихин, № 1667

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
302. Қайтыс болған адамды асыра жоқтап, қатты өкіріп жылауға және қайғырғанда жағымсыз сөздер айтып, ерсі істер істеуге болмайтындығы жайында
Нөмірі
№ 1667 (қазақша басылым реті)
1667
Риядус-салихин, № 1667

عَنْ أَسِيد بْنِ أَبِى أَسِيدٍ التابِعِيِّ، عَنْ امْرَأَةٍ مِنَ الْمُبَايِعَاتِ، قَالَتْ: كان فِيما أَخَذَ عَلَيْنَا رسُولُ اللَّهِ ﷺ، فِى الْمَعْرُوفِ الَّذِى أَخَذَ عَلَيْنَا أَنْ لَا نَعْصِيَهُ فِيهِ: أَنْ لَا نَخْمِشَ وَجْهًَا، وَلَا نَدْعُوَ وَيْلًا، وَلَا نَشُقَّ جَيْبًا، وأَنْ لَا نَنْشُرَ شَعْرًا

Қазақша аудармасы

Табиғиндерден Усәйд ибн Әбу Усәйд (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ алдында ант қабылдаған сахаба әйелдердің бірі: «Біз, сахаба әйелдер, Алла елшісінің алдында ант қабылдағанымызда қолымыздан келгенше істейміз делінген игі істерге қоса, басымызға қандай да бір қайғы келгенде бет тырнамауға, өз-өзімізге бәле тілеп бақырып-шақырмауға, жағамызды жыртпауға және шашымызды жұлмауға қатысты уәде берген едік», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3131).

Орысша аудармасы

Усайд ибн Абу Усайд (да будет доволен им Аллах), один из табиинов, рассказывал: «Одна из женщин-сподвижниц, принесших присягу Посланнику Аллаха ﷺ, сказала: “Когда мы, женщины-сподвижницы, приносили присягу Посланнику Аллаха, то наряду с обещанием по мере наших сил совершать благие дела дали слово, что при постигшем нас горе не станем царапать себе лица, кричать и вопить, призывая на себя беду, разрывать ворот одежды и распускать себе волосы”» (Абу Дауд: 3131).