عَنْ أَبِى بُرْدَةَ، قَالَ: وَجعَ أَبُو مُوسَى، فَغُشِيَ عَلَيْهِ، وَرَأسُهُ فِى حِجْرِ امْرَأَةٍ مِنْ أَهْلِهِ، فَأَقْبَلَتْ تَصِيحُ بِرَنَّةٍ فَلَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يَرُدَّ عَلَيْهَا شَيْئًا، فَلَمَّا أفَاقَ قَالَ: أَنَا بَرِيءٌ مِمَّنْ بَرِىءَ مِنْهُ رسُولُ اللَّهِ ﷺ إِنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ بَرِيءٌ مِنَ الصَّالِقَةِ، والحَالِقَةِ، والشَّاقَّةِ
Әбу Бурда (р.а.): «Әкем Әбу Мұса әл-Әшғари қатты ауырып, басын әйелінің алдына қойып жатқан күйінде кенеттен талып қалды. Сол кезде әйелі қатты дауыс шығарып жылай бастады. Сонда Әбу Мұсаның оған жауап қатып, қайтарып тастауға қауқары жетпеді. Кейін есін жиғанда ол: «Алланың елшісі ﷺ жерінген адамнан мен де жерінемін. Алланың елшісі өлгенді жоқтап, өкіріп жылаған әйелден, қайғырғанда шектен шығып, шашын жұлған және киімін жыртқан әйелден аулақ!1» – деп айтты», – деген (Бұхари: 1296, Муслим: 287).
Абу Бурда (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Когда мой отец Абу Муса аль-Ашари тяжело заболел и лежал, положив голову на колени своей жены, он внезапно лишился сознания. Тогда его жена начала громко причитать и плакать. Абу Муса не мог ни ответить ей, ни остановить её. Придя в сознание, он сказал: “Я отрекаюсь от тех, от кого отрёкся Посланник Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха отрёкся от женщины, которая громко причитает и рыдает по умершему, от женщины, которая, переходя все границы в своём горе, сбривает себе волосы, и от женщины, которая разрывает одежду!1”» (Аль-Бухари: 1296; Муслим: 287).
- 1Ондай әйелдерге, тіпті солай істеген ер адамдарға да Алла елшісінің ﷺ еш қатысы жоқ, басқаша айтқанда, мейлі ер, мейлі әйел болсын, қайғырғанда солай шектен шығатын адамдар пайғамбарымыздың шарапатынан аулақ әрі алыс болады.
- 1То есть Посланник Аллаха ﷺ не имеет ничего общего с такими женщинами, равно как и с мужчинами, поступающими так же. Иными словами, и мужчины, и женщины, которые выходят за дозволенные пределы в своей скорби, далеки от благосклонности нашего Пророка.