عَنْ حُميدِ بْنِ عبد الرحْمانِ أَنَّهُ سَمِعَ مُعَاوِيَةَ عامَ حَجَّ على الْمِنْبَرِ وَتَنَاوَلَ قُصَّةً مِنْ شَعْرٍ كَانَتْ فِى يَدِ حَرَسِيٍّ فَقَالَ: يَا أَهْلَ الْمَدِينَةِ أيْنَ عُلَمَاؤُكُمْ؟! سَمِعتُ النَّبِيَّ ﷺ يَنْهَى عَنْ مِثْلِ هَذِهِ، ويقُولُ: «إِنَّمَا هَلَكَتْ بَنُوإِسْرَائِيلَ حينَ اتَّخَذَهَا نِسَاؤُهُمْ»
Хумәйд ибн Абдуррахман (р.а.): «Мұсылмандардың әміршісі Муғауия (р.а.) ақырғы рет қажылық жасаған кезінде мінберге шығып, қасындағы қорғаушыларының бірінің қолынан бір уыс шашты алып: «Уа, мәдиналықтар! (Сендерді жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыятын) ғалымдарың кәне? Мен Пайғамбарымыздың ﷺ мына (жасанды шаш) секілді нәрселерге қатысты: «Расында, Исрайылұлдарының түбіне жеткен күнә істердің бірі – олардың әйелдерінің мынаны (жасанды шашты) қолданғандары болатын», – деп ескерткенін естіген едім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3468, Муслим: 5578, Ахмад: 16891).
Хумайд ибн Абдуррахман (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Во время своего последнего хаджа повелитель мусульман Муавия (да будет доволен им Аллах) поднялся на минбар, взял из рук одного из находившихся рядом стражников пучок волос и сказал: “О жители Медины! Где ваши учёные (призывающие вас к благому и удерживающие от дурного)? Я слышал, как Пророк ﷺ предостерегал от подобных вещей (искусственных волос), говоря: ‘Поистине, одним из грехов, погубивших сынов Исраиля, было то, что их женщины пользовались этим (искусственными волосами)’”» (Аль-Бухари: 3468; Муслим: 5578; Ахмад: 16891).