Хадис

Жетімнің дүниесіне қол сұғуға тыйым салынады

О запрете посягать на имущество сироты

Риядус-салихин, 286-тақырып · 1 хадис · № 1616

Хадистер

«إِنَّ الَّذِينَ يَأكُلُونَ أمْوَالَ الْيَتَامَى ظُلْمًا إِنَّمَا يَأكُلُونَ فِى بُطُونِهِمْ نَارًا وَسَيَصْلَونَ سَعِيرًا» «Жетімдердің мал-мүлкін зұлымдықпен жейтіндер, расында, қарындарын тек отқа толтыруда. Олар көп ұзамай-ақ жалын атқан отқа тасталады» («Ниса», 10-аят).

«وَلَا تَقْرَبُوا مَالَ الْيَتِيمِ إِلَّا بالَّتِى هِيَ أَحْسَنُ» «Жетімнің мал-мүлкіне балиғат шағына толғанға дейін жақсы ниетпен болмаса, мүлдем жоламаңдар» («Әнғам», 152-аят).

«وَيَسْألُونَكَ عَنِ الْيَتَامَى قُلْ إِصْلَاحٌ لَهُمْ خَيْرٌ وَإِنْ تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ واللَّهُ يَعْلَمُ الْمُفْسِدَ مِنَ الْمُصْلِحِ» «Олар сенен жетімдер жайлы сұрайды. Сұрағандарға былай де: «Оларға жақсылық жасау қайырлы іс. Егер бауырларыңа басып, етене араласатын болсаңдар, әлбетте, олар – бауырларың. Алла кімнің бұзғыншы, кімнің оңалтушы екенін жақсы біледі» («Бақара», 220-аят).

«Поистине, те, кто несправедливо поедает имущество сирот и причиняет им вред, – такие только наполняют чрева свои огнём и будут они гореть в адском пламени!» (сура «Ниса», 4:10).

«Не приближайтесь к имуществу сироты, кроме как с благим намерением, пока он не достигнет зрелости» (сура «Анам», 6:152).

«И спрашивают они тебя о сиротах. Скажи: “Благодеяния по отношению к ним – несравненно лучше. А если вы приобщите их к вашим делам, заботясь о них, то ведь они – братья вам. Аллах прекрасно отличает злотворного от благодетеля”» (сура «Бакара», 2:220).

1616
Риядус-салихин, № 1616Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «اجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ!» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا هُنَّ؟ قَالَ: «الشِّرْكُ بِاللَّهِ، والسِّحْرُ، وَقَتْلُ النَّفْسِ الَّتِى حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بالحَقِّ، وأكلُ الرِّبَا، وأكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، والتَّوَلِّى يَوْمَ الزَّحْفِ، وقَذْفُ الْمُحْصَنَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ الْغَافِلَاتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Адамды құртатын жеті бірдей ауыр күнәдан аулақ болыңдар!» – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Олар қандай күнәлар?» – деп сұрады. Сонда оларға: «Аллаға серік қосу, сиқыр/дуа, шариғатта бекітілген хақ жолдан1 өзге Алла харам қылған жолдармен адам өлтіру, өсім жеу (беру һәм алу), жетімнің мал-дүниесін жеу, соғыс майданынан қашу,2 арсыздық атаулыдан ада һәм бейхабар болған арлы мүмін әйелдерге зина жаласын жабу», – деп жауап берді» (Бұхари: 2766, Муслим: 262).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Остерегайтесь семи тяжких грехов, ведущих человека к гибели!» Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Что это за грехи?» Он ответил: «Приобщение сотоварищей к Аллаху, колдовство (магия), убийство человека, жизнь которого Аллах объявил неприкосновенной, кроме как по праву, установленному шариатом1, ростовщичество (дача и получение процентов), присвоение имущества сироты, бегство с поля боя2, ложное обвинение в прелюбодеянии целомудренных верующих женщин, чуждых всякому распутству и не помышляющих о нём» (Аль-Бухари: 2766; Муслим: 262).

  1. 1Мұнда шариғат бойынша белгілі ауыр қылмыстар үшін өлім жазасы кесілетін жағдайлар меңзелуде, мысалы нақақтан-нақақ кісі өлтірген қылмыскерге кесілетін қысас жазасы сияқты.
  2. 2Мұнда Алла жолындағы қасиетті соғыста, сондай-ақ отан үшін, ел үшін болған соғыста дұшпанмен бепте-бет келгенде соғыс майданынан жалт беріп қашу жайлы айтылған. Ал соғыс айласы және тактикасы тұрғысынан дұшпанды алдау мақсатында қашу, яки қашқан сияқты болып көріну бұған жатпайды.
  1. 1Имеются в виду предусмотренные шариатом случаи назначения смертной казни за определённые тяжкие преступления, например наказание по принципу воздаяния равным (кысас) за неправомерное убийство.
  2. 2Здесь речь идёт о бегстве с поля боя при столкновении с врагом в священной войне на пути Аллаха, а также в войне за родину и народ. Отступление или притворное бегство ради введения врага в заблуждение в рамках военной тактики к этому не относится.