Хадис

Берген сыйлықты қайтарып алу немесе садақа ретінде берген дүниені қайтарып алу, яки қайта сатып алудың[^227] дұрыс еместігі жайында

О недопустимости возвращать себе подаренное или отданное в качестве милостыни, в том числе путём выкупа[^227]

Риядус-салихин, 285-тақырып · 2 хадис · № 1614–1615

Хадистер

1614
Риядус-салихин, № 1614Риуаят етуші: Ибн Аббас

عن ابن عباس أنَّ رسول اللَّه ﷺ قَالَ: «الَّذِي يَعُودُ في هِبَتِهِ كَالكَلْبِ يَرْجِعُ في قَيْئِهِ»

وفي رواية: «مَثَلُ الَّذِي يَرْجِعُ في صَدَقَتِهِ، كَمَثَلِ الكَلْبِ يَقِيءُ، ثُمَّ يَعُودُ في قَيْئِهِ فَيَأكُلُهُ»

وفي روايةٍ: «العائِدُ في هِبَتِهِ كالعائِدِ في قَيْئِهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Берген сыйлығын қайтарып алған адам, бейне бір өз құсығын жалаған ит сияқты», – деген (Бұхари: 2622, Муслим: 4170, Ахмад: 1872).

Басқа бір риуаятта: «Берген садақасын қайтарып алған адам, бейне бір жегенін құсып, сосын құсығын қайта жеген итке ұқсайды», – деген.

Тағы бір риуаятта: «Сыйлығын қайтарып алушы, құсығын қайта жегенмен тең», – деген.

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто забирает обратно подаренное им, подобен псу, лижущему собственную рвоту» (Аль-Бухари: 2622; Муслим: 4170; Ахмад: 1872).

В другой версии говорится: «Тот, кто забирает обратно данную им милостыню, подобен псу, который извергает съеденное, а затем вновь поедает свою рвоту».

В ещё одной версии говорится: «Забирающий обратно свой подарок подобен тому, кто вновь поедает собственную рвоту».

1615
Риядус-салихин, № 1615Риуаят етуші: Омар

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: حَمَلْتُ عَلَى فَرَسٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَأَضَاعَهُ الَّذِى كَانَ عِنْدَهُ، فَأَرَدْتُ أن أشْتَرِيَهُ، وَظَنَنْتُ أَنَّهُ يَبِيعُهُ بِرُخْصٍ، فَسَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «لَا تَشْتَرِهِ وَلَا تَعُدْ فِى صَدَقَتِكَ وإِنْ أعْطَاكَهُ بِدِرْهَمٍ؛ فَإِنَّ الْعَائِدَ فِى صَدَقَتِهِ كَالعَائِدِ فِى قَيْئِهِ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Бірде Алла жолында жүрген бір жауынгерге көлігі болмаған соң, ат мінгізген едім. Алайда ол қолындағы жануардың бабын таппай, күйін қашырып жіберді. Сонда мен (күтімсіздіктен арса-арса боп жүдеген) әлгі атты арзан бағаға беретін шығар деген оймен оған сыйлаған атымды одан қайтып сатып алуды ұйғарып, Пайғамбарымыздан ﷺ ақыл-кеңес сұрағанымда, маған: «Жоқ, сатып алма. Тіпті оны саған бір тиынға сатса да, берген садақаңды қайтарып алушы болма, өйткені берген сый-садақасын қайтарып алған адам өз құсығын өзі жегенмен тең», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1490, Муслим: 4163, Ахмад: 166).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я подарил коня воину, выступившему на пути Аллаха, поскольку у него не было верхового животного. Однако тот не ухаживал за животным как следует и довёл его до изнеможения. Тогда я решил выкупить у него подаренного мной коня, полагая, что он недорого продаст коня, истощённого из-за плохого ухода. Я обратился к Пророку ﷺ за советом, и он сказал мне: “Нет, не покупай его. Даже если он продаст его тебе за одну монету, не возвращай себе данную тобой милостыню, ибо тот, кто забирает обратно свой дар или милостыню, подобен тому, кто поедает собственную рвоту”» (Аль-Бухари: 1490; Муслим: 4163; Ахмад: 166).