Хадис

Риядус-салихин, № 1600

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
281. Бірге тұрған үш адамның екеуінің өзара сыбырласуы немесе үшінші адам түсінбейтін өзге тілде сөйлесуі жайлы
Нөмірі
№ 1600 (қазақша басылым реті)
1600
Риядус-салихин, № 1600Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا كانُوا ثَلَاثَةً، فَلَا يَتَنَاجَى اثْنَانِ دُونَ الثَّالِثِ».

ورواه أَبُو داود وزاد: قَالَ أَبُو صالح: قُلْتُ لابنِ عُمرَ: فَأَرْبَعَةً؟ قَالَ: لَا يَضُرُّكَ

ورواه مالك فِى «الموطأ»: عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ دِينارٍ، قَالَ: كُنْتُ أَنَا وابْنُ عُمَرَ عِنْدَ دَارِ خَالِدِ بنُ عُقْبَةَ الَّتِى فِى السُّوقِ، فَجَاءَ رَجُلٌ يُرِيدُ أَنْ يُنَاجِيَهُ، وَلَيْسَ مَعَ ابْنِ عُمَرَ أَحَدٌ غَيْرِى، فَدَعَا ابْنُ عُمَرَ رَجُلًا آخَرَ حَتَّى كُنَّا أَرْبَعَةً، فَقَالَ لِى وَللرَّجُلِ الثَّالِثِ الَّذِى دَعَا: اسْتَأْخِرَا شَيْئًا، فَإِنِّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يقُولُ: «لَا يَتَنَاجَى اثْنَانِ دُونَ وَاحِدٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Үш адам бас қосқанда олардың екеуі үшінші адамның көзінше бір-бірімен сыбырласпасын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6288, Муслим: 5694, Ахмад: 4685).

Әбу Дәуіт келтірген нұсқада, Әбу Салих хадиске былай деп қосты: Ибн Омардан (р.а.): «Төрт адам болса ше?1», – деп сұрағанымда, ол: «Оның саған еш зияны жоқ (яғни, олай істеуді еш әбестігі жоқ)», – деп жауап берді».

Имам Мәлік «Муатта» деп аталатын хадистер жинағында Абдуллаһ ибн Динардың (р.а.) мына сөзін келтірген: «Бірде Ибн Омар (р.а.) екеуміз Халид ибн Уқбаның (р.а.) базардағы үйінде болғанымызда, Ибн Омарға бір кісі келіп, онымен оңаша сөйлескісі келді, сол кезде Ибн Омардың жанында менен басқа ешкім болмаған еді. Сонда ол тағы бір кісіні шақырып алды да, төрт адам болдық. Содан ол маған және әлгі шақырып алған үшінші кісіге: «Екеуің сәл әрірек тұра тұрсаңдар, кезінде Алла елшісінен: «Екі кісі қастарындағы адамды жалғыз қалдырып, өзара сыбырласпасын», – деп айтқанын естіген едім», – деген болатын» (Имам Мәлік: 988/2).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если вместе соберутся трое, пусть двое из них не перешёптываются между собой в присутствии третьего» (Аль-Бухари: 6288; Муслим: 5694; Ахмад: 4685).

В версии, приведённой Абу Даудом, Абу Салих добавил к хадису следующее: «Я спросил Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах): “А если их четверо?1” Он ответил: “Это не причинит тебе никакого вреда (то есть в этом нет ничего предосудительного)”».

Имам Малик в сборнике хадисов «Аль-Муватта» приводит следующие слова Абдуллаха ибн Динара (да будет доволен им Аллах): «Однажды мы с Ибн Умаром (да будет доволен ими обоими Аллах) находились в доме Халида ибн Укбы (да будет доволен им Аллах), расположенном у рынка. К Ибн Умару пришёл один человек, желавший поговорить с ним наедине, а рядом с Ибн Умаром, кроме меня, никого не было. Тогда он позвал ещё одного человека, и нас стало четверо. Затем он сказал мне и тому третьему человеку, которого позвал: “Вы двое отойдите немного в сторону. Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Пусть двое не перешёптываются между собой, оставляя находящегося рядом с ними человека одного’”» (Имам Малик: 988/2).

  1. 1Яғни, бірге тұрған немесе бірге отырған төрт адамның екеуі өзара сыбырласса немесе жолдастары түсінбейтін басқа тілде сөйлессе ше?
  1. 1То есть как быть, если из четырёх находящихся вместе людей двое перешёптываются между собой или говорят на языке, которого не понимают их товарищи?