Хадис

Риядус-салихин, № 1597

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
280. Мұсылмандар ренжіскен жағдайда үш күннен артық қатынаспай қоюға болмайды, ал бидғатшы немесе күнәні қымсынбай ашық жасайтын күнәһардың жөні басқа
Нөмірі
№ 1597 (қазақша басылым реті)
1597
Риядус-салихин, № 1597Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثٍ، فَمَنْ هَجَرَ فَوْقَ ثَلَاثٍ فَمَاتَ، دَخَلَ النَّارَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманның мұсылман бауырына ренжіп, үш күннен артық уақыт қатынаспай қоюына болмайды. Кімде-кім діндес бауырымен араздасып, үш күннен артық уақыт қатынаспай кетсе және сол күйі көз жұмса, тозаққа кіреді», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4914).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не дозволено мусульманину из-за обиды прекращать общение со своим братом-мусульманином более чем на три дня. Кто поссорится со своим братом по вере, прекратит общаться с ним более чем на три дня и умрёт в таком состоянии, тот войдёт в ад» (Абу Дауд: 4914).