Хадис

Риядус-салихин, № 1595

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
280. Мұсылмандар ренжіскен жағдайда үш күннен артық қатынаспай қоюға болмайды, ал бидғатшы немесе күнәні қымсынбай ашық жасайтын күнәһардың жөні басқа
Нөмірі
№ 1595 (қазақша басылым реті)
1595
Риядус-салихин, № 1595Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تُعْرَضُ الْأَعْمَالُ فِى كلِّ اثْنَيْنِ وَخَمْيسٍ، فَيَغْفِرُ اللَّهُ لِكُلِّ امْرِئٍ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا، إِلَّا امْرَءًا كَانَتْ بَيْنَهُ وَبَيْنَ أخِيهِ شَحْنَاءُ، فَيقُولُ: اتْرُكُوا هذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Аптаның әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері Аллаға (құлдарының жақсы-жаман) істері жеткізіліп отырады. Сонда Алла Тағала Өзіне серік қоспайтын барлық пенделерінің күнәларын жарылқап кешіреді. Тек мұсылман бауырымен араздасып, байланысын үзген пендесі бұл мейірімнен құр қалады, өйткені Алла Тағала періштелеріне: Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар», – деп айтады», – деген (Муслим: 7103, Ахмад: 7639).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый понедельник и четверг Аллаху представляются (добрые и дурные) дела Его рабов. Тогда Аллах Всевышний милостиво прощает грехи всех Своих рабов, которые не приобщают к Нему сотоварищей. Лишь тот Его раб, который враждует со своим братом-мусульманином и разорвал с ним отношения, лишается этой милости, ибо Аллах Всевышний говорит ангелам: “Оставьте этих двоих до тех пор, пока они не примирятся”» (Муслим: 7103; Ахмад: 7639).