وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّ أُمَّتِى مُعَافى إِلَّا الْمُجَاهِرِينَ، وَإِنَّ مِنَ الْمُجَاهَرَةِ أَنْ يَعْمَلَ الرَّجُلُ بِاللَّيْلِ عَمَلًا، ثُمَّ يُصْبحُ وَقَدْ سَتَرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ، فَيقُولُ: يَا فُلَانُ، عَمِلت الْبَارِحَةَ كَذَا وَكَذَا، وَقَدْ بَاتَ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، وَيُصبحُ يَكْشِفُ ستْرَ اللَّهِ عَنْه»
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Істеген күнәсін жар салып, жария еткендерден өзге үмбетім түгелдей кешіріледі. Күнәні жария ету дегеніміз – пенденің түнімен күнәға батып, Алла Тағала таңға дейін күнәсін жасырғанына қарамастан ертесі күні: «Әй, пәленше! Кеше мен ананы-мынаны істедім» – деп айтуы. Раббысы оның түні бойы жасаған күнәсін жасырды. Ол болса, Алланың өзгелерден жасырғанын жария етіп таң атыруда», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 6069; Муслим: 7485).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Все члены моей общины будут прощены, кроме тех, кто открыто разглашает свои грехи. Открытое разглашение греха – это когда раб проводит ночь, совершая грех, и, несмотря на то что Аллах Всевышний до утра скрывает его грех, на следующий день он говорит: ‘Эй, такой-то! Вчера я совершил то-то и то-то’. Его Господь скрыл грех, совершённый им ночью, а он встречает утро, разглашая то, что Аллах скрыл от других”» (Аль-Бухари: 6069; Муслим: 7485).