Хадис

Риядус-салихин, № 240

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
27. Мұсылмандардың құқығын құрметтеу, оларға жанашырлық танытып, мейірімді болу
Нөмірі
№ 240 (қазақша басылым реті)
240
Риядус-салихин, № 240

عَنْ أَبِى عُمَارة الْبراءِ بْنِ عازب، قَالَ: أمرنا رَسُول اللَّهِ ﷺ بسبع، ونهانا عَنْ سبع: أَمَرَنَا بعيَادَة الْمَرِيض، وَاتِّبَاعِ الْجَنَازَةِ، وتَشْمِيتِ الْعَاطسِ، وَإِبْرار الْمُقْسِم، ونَصْرِ الْمَظْلُوم، وَإِجَابَةِ الدَّاعِى، وَإِفْشَاءِ السَّلَامِ، ونَهَانَا عَنْ خَواتِيمٍ أَوْ تَخَتُّمٍ بالذَّهَبِ، وَعَنْ شُرْبٍ بالْفِضَّةِ، وَعَن الْميَاثِرِ الْحُمْرِ، وَعَن الْقَسِّيِّ، وَعَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ والإِسْتبْرَقِ وَالِدِّيبَاجِ

Қазақша аудармасы

әл-Бара ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бізге жеті нәрсені бұйырып, жеті нәрседен тыйды. Бізге бұйырғандары: «Науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Алла сені мейіріміне бөлесін) деп айту, айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көну, зорлық-зомбылық көргенге қолдау көрсету, шақырған жерден қалмау және өзара амандасуды кеңінен жаю. Сондай-ақ алтын жүзік тағудан, күміс ыдыс қолданудан, жібекпен тысталған төсеніш қолданудан, жібек пен зығыр аралас матадан және харир, дүрия, қамқа түріндегі жібек маталардан тігілген киімдерді киюден тыйды»1, – деп айтты», – деген (Бұхари: 5635; Муслим: 5388; Ахмад: 18504).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ дал нам семь повелений и семь запретов. Он повелел нам навещать больного; участвовать в похоронах; говорить чихнувшему: “Ярхамукаллаху” (Да помилует тебя Аллах); исполнять требование или просьбу человека, подкрепившего свои слова клятвой, чтобы его клятва не оказалась нарушенной; поддерживать того, кто подвергся насилию; принимать приглашения и широко распространять приветствие среди людей.

Он также запретил носить золотые кольца, пользоваться серебряной посудой и подстилками, покрытыми шёлком, а также носить одежду из ткани, сотканной из смеси шёлка и льна, и из таких видов шёлковых тканей, как харир, дурия и камка»1 (Аль-Бухари: 5635; Муслим: 5388; Ахмад: 18504).

  1. 1Бұл хадистегі мұсылмандардың қолдануына тыйым салынған алтын жүзік пен жібектен тігілген киімдер ер адамдарға ғана қатысты айтылған.
  1. 1Упомянутый в этом хадисе запрет носить золотые кольца и шёлковую одежду касается только мужчин.