Хадис

Риядус-салихин, № 236

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
27. Мұсылмандардың құқығын құрметтеу, оларға жанашырлық танытып, мейірімді болу
Нөмірі
№ 236 (қазақша басылым реті)
236
Риядус-салихин, № 236Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَنَاجَشُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَلَا يَبعْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَيْع بَعْض، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّه إِخْوَانًا، الْمُسْلِمُ أخُو الْمُسْلم: لَا يَظْلِمُهُ، وَلا يَحْقِرُهُ، وَلَا يَخْذُلُهُ، التَّقْوَى هَاهُنَا – ويشير إِلَى صدره ثَلَاث مرات – بحَسْب امْرىءٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحقِرَ أخَاهُ الْمُسْلِمَ، كُلُّ الْمُسْلم عَلَى الْمُسْلم حَرَامٌ، دَمُهُ ومَالُهُ وعرْضُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Араларыңда қызғаныш отының кеулеуіне жол бермеңдер. Затты шынайы бағасынан асырып сату үшін алдын-ала сатушымен ауыз жаласып, былайғы жұртқа көз қылып, өздерің сатып алатындай болып, елді еліктірмеңдер. Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер. Сондай-ақ араздасып, бір-бірлеріңді енді көрместей болып теріс айналмаңдар. Біреудің саудасына килігіп, сауда келісімін бұзбаңдар. Уа, Алланың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман – бауырына озбырлық жасамайды, оған мұрын шүйіре қарап, өзінен кем көрмейді. Сондай-ақ қысылтаяң шақта жалғыз тастап кетпейді», – деген соң, кеудесін қолымен үш рет нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан асқан жамандық (жаман мінез) жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға харам»,1 – деп айтты» – делінген. (Муслим: 6541; Ахмад: 7727).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не позволяйте огню зависти разгораться между вами. Не вступайте заранее в сговор с продавцом, чтобы продать товар дороже его настоящей цены, делая перед окружающими вид, будто сами намерены его купить, и тем самым побуждая людей к покупке. Не испытывайте ненависти друг к другу. Не враждуйте и не отворачивайтесь друг от друга так, будто больше никогда не встретитесь. Не вмешивайтесь в чужие торговые сделки и не срывайте их. О рабы Аллаха! Живите в мире и будьте братьями! Мусульманин – брат мусульманину. Истинный мусульманин не притесняет своего брата, не смотрит на него свысока, считая ниже себя, и не оставляет его одного в трудную минуту».

Затем, трижды указав рукой на свою грудь, он сказал: «Богобоязненность – вот здесь. Нет для мусульманина худшего зла (проявления дурного нрава), чем считать своего брата-мусульманина ниже себя. Кровь, имущество и честь каждого мусульманина неприкосновенны для всех остальных мусульман»1 (Муслим: 6541; Ахмад: 7727).

  1. 1Яғни, мұсылман өзге мұсылманның қанын төгіп, дүние-мүлкіне қол сұғып, ар-намысын таптай алмайды.
  1. 1То есть мусульманин не может проливать кровь другого мусульманина, присваивать его имущество и посягать на его честь.