Хадис

Риядус-салихин, № 226

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
27. Мұсылмандардың құқығын құрметтеу, оларға жанашырлық танытып, мейірімді болу
Нөмірі
№ 226 (қазақша басылым реті)
226
Риядус-салихин, № 226Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَبَّلَ النَّبِيُّ ﷺ الْحَسَنَ بْنَ عَليٍّ، وَعِنْدَهُ الْأَقْرَعُ بْنُ حَابِس، فَقَالَ الْأقْرَعُ: إِن لِى عَشرَةً مِنَ الْوَلَدِ مَا قَبَّلْتُ مِنْهُمْ أَحَدًا. فَنَظَرَ إِلَيْهِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «مَنْ لَا يَرْحَمْ لَا يُرْحَمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ қасында отырған Ақрағ ибн Хабистің көзінше немересі Хасан ибн Әлиді (р.а.) емірене сүйген еді. Сонда Ақрағ оған: «Менің он балам бар, бірақ олардың ешбірін еркелетіп, сүйген емеспін», – деді. Сонда Расулалла: «Мейірімділік танытпаған, мейірімге бөленбейді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5997; Муслим: 6028; Ахмад: 7121).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ с нежностью поцеловал своего внука Хасана ибн Али (да будет доволен им Аллах) в присутствии сидевшего рядом Акры ибн Хабиса. Тогда Акра сказал ему: “У меня десять детей, но я никогда не ласкал и не целовал ни одного из них”. На это Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто не проявляет милосердия, тот не удостоится милосердия”» (Аль-Бухари: 5997; Муслим: 6028; Ахмад: 7121).