Хадис

Риядус-салихин, № 1553

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
264. Адамға және жан-жануарға лағынет айтуға болмайтындығы жайлы
Нөмірі
№ 1553 (қазақша басылым реті)
1553
Риядус-салихин, № 1553

عَنْ أَبِى زيدٍ ثابت بْنِ الضَّحَّاك الْأنصارِيِّ وَهُوَ من أَهْلِ بَيْعَةِ الرِّضْوَانِ، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ بِمِلَّةٍ غَيْرِ الْإِسْلَامِ كاذِبًا مُتَعَمِّدًا، فَهُوَ كَما قَالَ، وَمَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِشَيْءٍ، عُذِّبَ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَلَيْسَ عَلَى رَجُلٍ نَذْرٌ فيما لَا يَمْلِكُهُ، وَلَعْنُ الْمُؤْمِنِ كَقَتْلِهِ»

Қазақша аудармасы

Ридуан сертіне қатысқан ансарлық сахабалардың бірі Әбу Зайд Сәбит ибн әд-Даххак (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Исламнан басқа дін атымен әдейілеп өтірік ант ішетін болса, ол өзі айтқандай болады.1 Кімде-кім бір нәрсемен өз-өзін өлтірсе, қиямет күні сол нәрсемен азапталады. Өз иелігінде болмаған нәрсені нәзір ретінде уәде еткен адамның нәзірі жарамсыз. Мүмінге лағынет айту оны өлтіргенмен тең», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6047, Муслим: 302, Ахмад: 16385).

Орысша аудармасы

Абу Зайд Сабит ибн ад-Даххак (да будет доволен им Аллах), один из ансаров, участвовавших в присяге ар-Ридван, передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто намеренно принесёт ложную клятву именем иной религии, кроме ислама, станет тем, кем сам себя назвал1. Кто лишит себя жизни с помощью какого-либо предмета, в День воскресения будет подвергнут мучениям этим же предметом. Обет человека относительно того, чем он не владеет, недействителен. Проклясть верующего всё равно что убить его» (Аль-Бухари: 6047; Муслим: 302; Ахмад: 16385).

  1. 1Яғни, «Егер солай істесем яһуди болайын немесе христиан болайын» деп шындап ант ішсе, тіпті ішкен анты өтірік болса да, ол ислам дінінен шығып, өзі айтқандай яһуди немесе христиан болады. Ал егер солай ант ішкенде оның ниеті өзге дінді көксеу немесе ұлықтау емес, тек қана антын әсірелеп, күшейту болса, онда ол діннен шықпайды, бірақ күнәһар болады, күнәсі үшін тәубе етуі керек.
  1. 1То есть если человек намеренно клянётся: «Если я так поступлю, пусть стану иудеем или христианином», то, даже если эта клятва ложна, он выходит из ислама и становится тем, кем сам себя назвал. Если же, произнося такую клятву, он не стремится к иной религии и не возвеличивает её, а лишь хочет усилить свою клятву, то из ислама не выходит, однако совершает грех, в котором должен покаяться.