Хадис

Риядус-салихин, № 1545

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
260. Өтірік айту және жалған куәлікке жүруден аулақ болу керектігі жайында
Нөмірі
№ 1545 (қазақша басылым реті)
1545
Риядус-салихин, № 1545Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ تَحَلَّمَ بِحُلْمٍ لَمْ يَرَهُ، كُلِّفَ أَنْ يَعْقِدَ بَيْنَ شَعِيرَتَيْن وَلَنْ يَفْعَلَ، وَمَنِ اسْتَمَعَ إِلَى حَديثِ قَوْمٍ وَهُمْ لَهُ كَارِهُونَ، صُبَّ فِى أُذُنَيْهِ الآنُكُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ صَوَّرَ صُورَةً عُذِّبَ وَكُلِّفَ أَنْ يَنْفُخَ فِيهَا الرُّوحَ وَلَيْسَ بنافِخٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім көрмеген түсін ел-жұртқа көргендей етіп айтатын болса, оған о дүниеде екі арпаны бір-біріне байлау міндеті жүктеледі де, ол соны істей алмай ұзақ азап тартады. Ал кімде-кім бір қауымның өзара айтқан әңгімесіне құлақ түріп, олар қаламаса да ұрланып тыңдайтын болса, қиямет күні оның құлағына балқыған қорғасын құйылады. Ал кім жанды нәрсенің мүсінін салатын болса, о дүниеде оған жасаған сол мүсініне рух үрлеп, жан бітір деген міндет жүктеледі де, ол оған жан бітіре алмай азап тартады1», – деп айтқан (Бұхари: 7042, Ахмад: 10549).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «На того, кто расскажет людям о сне, которого на самом деле не видел, выдавая его за увиденный, в мире ином будет возложена обязанность связать друг с другом два ячменных зерна. Не сумев сделать этого, он будет долго подвергаться мучениям. А тому, кто станет тайком подслушивать разговор людей, хотя они этого не желают, в День воскресения в оба уха зальют расплавленный свинец. Тому же, кто создаёт изображение живого существа, в мире ином будет велено вдохнуть дух в созданное им изображение и оживить его, но он не сможет этого сделать и будет подвергнут мучениям1» (Аль-Бухари: 7042; Ахмад: 10549).

  1. 1Түсіндірме: Исламдағы классикалық және консервативтік ұстаным бойынша адам, жан-жануар және жәндіктер сынды тіршілік иелерінің суретін салып, мүсінін жасауға қатаң тыйым салынады. Ал егер адамның қолынан келер жалғыз кәсібі және бір ғана табыс көзі сол болса, табиғаттың немесе жансыз нәрселерді бейнелеуіне рұқсат беріледі. Бүгінгі таңда кейбір дін ғалымдары жоғарыдағы хадистерде тыйым салынған жанды нәрселердің суреті мен мүсінін табынуға арналған суреттер мен мүсіндер немесе Жаратушыға ұқсау ниетімен салынған суреттер мен жасалған мүсіндер деп түсіндіреді. Демек, бұл көзқарас бойынша, табыну мақсатында немесе Жаратушыға ұқсау ниетімен жасалмайтын мүсіндер мен суреттер жай өнер туындысы ретінде бағаланып, оларға қатаң түрде тыйым салынбайды. Базбір ғалымдар мұндай көзқарасты алға тартқанда сурет пен мүсінге қатаң түрде тыйым салатын жоғарыдағы хадистерді пұтқа табынушылықтан жаңадан арылған исламның алғашқы дәуіріндегі қауымдарға, соның ішінде араб қауымына қарата айтылған деп пайымдаған. Өйткені сол кездегі адамдардың сана-сезімі пұттарды дәріптеу мен оларға табынудан жаңадан арылып, таухид сеніміне енді ғана оралған болатын. Бұған қатысты әйгілі ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни «Сахих Бұхариге» жазған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Исламның алғашқы кезеңінде пұтқа табынушылық толық жойыла қоймаған еді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ барлық бейне атаулыға, тіпті маталарда бейнеленген суреттерге де қатаң тыйым салды. Кейін таухид сенімі әбден орныққан соң, маталарда бейнеленген суреттерге рұқсат берді». (Умдат әл-Қари Шарх сахих әл-Бұхари, 22/74) Дегенмен бұл, мұсылмандар емін-еркін сурет салып, мүсін жасаумен айналыса берсін, сондай-ақ үй-жайларына суреттер мен мүсіндерді толтырып қоя берсін дегенді білдірмейді. Біз қайткен күнде де, осы уақытқа дейін қалыптасқан үй-жайларға жанды нәрселердің суретін ілмейтін, мүсінін қоймайтын мұсылмандық ғұрып пен мәдениетті сақтағанымыз жөн. Өйткені бұл – мұсылман үмбетін өзге қауымдар мен мәдениеттерден ерекшелейтін үрдіс екені белгілі. Ең дұрысын Алла біледі!
  1. 1Пояснение: Согласно классическому и консервативному подходу в исламе, рисовать изображения и создавать скульптуры живых существ, таких как люди, животные и насекомые, строго запрещено. Если же это единственная профессия, которой владеет человек, и единственный источник его дохода, ему разрешается изображать природу или неодушевлённые предметы. В настоящее время некоторые богословы считают, что под запрещёнными в приведённых выше хадисах изображениями и скульптурами живых существ подразумеваются изображения и изваяния, предназначенные для поклонения либо созданные с намерением уподобиться Творцу. Следовательно, согласно этому мнению, изображения и скульптуры, созданные не для поклонения и не с намерением уподобиться Творцу, рассматриваются лишь как произведения искусства и не находятся под строгим запретом. Некоторые учёные, выдвигающие такую точку зрения, полагают, что приведённые выше хадисы, строго запрещающие изображения и скульптуры, были обращены к общинам ранней эпохи ислама, только что освободившимся от идолопоклонства, в том числе к арабскому обществу. Ведь сознание людей того времени лишь недавно освободилось от возвеличивания идолов и поклонения им и только начинало возвращаться к вере в единобожие – таухид. По этому поводу известный ханафитский учёный Бадруддин аль-Айни написал в своём комментарии к «Сахиху аль-Бухари»: «В ранний период ислама идолопоклонство ещё не было полностью искоренено. Тогда Пророк ﷺ строго запретил все изображения, даже изображения на тканях. Позднее, когда вера в таухид окончательно утвердилась, он разрешил изображения на тканях» («Умдат аль-Кари шарх Сахих аль-Бухари», 22/74). Однако это не означает, что мусульманам дозволено беспрепятственно заниматься рисованием и созданием скульптур, а также наполнять свои дома изображениями и изваяниями. При любых обстоятельствах нам следует сохранять сложившиеся до настоящего времени мусульманские обычаи и культуру, согласно которым в домах не вывешивают изображения живых существ и не устанавливают их скульптуры. Ведь известно, что эта традиция отличает мусульманскую умму от других общин и культур. Аллах знает лучше!