Хадис

Риядус-салихин, № 209

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
26. Зұлымдық пен залым турасында
Нөмірі
№ 209 (қазақша басылым реті)
209
Риядус-салихин, № 209Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ معاذ قَالَ: بَعَثَنِى رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «إِنَّكَ تَأتِى قَوْمًا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ فَادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأنِّى رَسُولُ اللَّهِ، فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ قَدِ افْتَرضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَواتٍ فِى كُلِّ يَوْمٍ وَلَيلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ قَدِ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤخَذُ مِنْ أغْنِيَائِهِمْ فَتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَإِيَّاكَ وَكَرَائِمَ أمْوَالِهِمْ، وَاتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ؛ فَإِنَّهُ لَيْسَ بَيْنَها وَبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мені (Йемен жеріне әмірші етіп) жіберерде: «Расында, сен кітап иелерінен болған бір қауымға барасың. Әуелі оларды Алладан өзге ешбір құдайдың жоқтығына һәм менің Алланың елшісі екеніме куәлік келтіруге шақыр. Егер олар бұған бойсұнса, Алланың оларға әр күн сайын бес уақыт намаз оқуды парыз қылғанын білдір. Олар бұған да мойынсұнса, Алланың оларға бай-бағландарынан алынып, кедей-кепшіктеріне берілетін зекет төлеуді парыз қылғанын білдір. Егер олар соған көнсе, олардың құнды дүние-мүліктерін алма әрі мазлұмның қарғысынан сақтан! Өйткені оны мен Алланың арасында бөгет жоқ», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1492; Муслим: 121; Ахмад: 2071).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ отправлял меня (назначив правителем Йемена), он сказал: “Поистине, ты направляешься к народу из числа людей Писания. Прежде всего призови их засвидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха. Если они подчинятся этому, сообщи им, что Аллах обязал их ежедневно совершать пять молитв. Если они подчинятся и этому, сообщи им, что Аллах обязал их выплачивать закят, который берётся с их богатых и передаётся их бедным. Если они согласятся и с этим, не забирай самое ценное из их имущества и остерегайся проклятия притеснённого! Поистине, между его проклятием и Аллахом нет преграды”» (Аль-Бухари: 1492; Муслим: 121; Ахмад: 2071).