Хадис

Риядус-салихин, № 206

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
26. Зұлымдық пен залым турасында
Нөмірі
№ 206 (қазақша басылым реті)
206
Риядус-салихин, № 206Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كُنَّا نَتَحَدَّثُ عَنْ حَجَّةِ الْوَدَاعِ والنَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ أظْهُرِنَا، وَلا نَدْرِى مَا حَجَّةُ الْوَدَاعِ حَتَّى حَمِدَ اللَّهَ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَأثْنَى عَلَيْهِ ثُمَّ ذَكَرَ الْمَسْيحَ الدَّجَّال فَأطْنَبَ فِى ذِكْرِهِ، وَقَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّهُ مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا أنْذَرَهُ أُمَّتَهُ أنْذَرَهُ نُوحٌ وَالنَّبِيُّونَ مِنْ بَعْدِهِ، وَإِنَّهُ إِنْ يَخْرُجْ فِيكُمْ فَما خَفِيَ عَليْكُمْ مِنْ شَأنِه فَلَيْسَ يَخْفَى عَليْكُم، إِنَّ رَبَّكُمْ لَيْسَ بأعْوَرَ وإِنَّهُ أعْوَرُ عَيْنِ الْيُمْنَى، كَأَنَّ عَيْنَهُ عِنَبَةٌ طَافِيَةٌ. ألا إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَيْكُمْ دِمَاءكُمْ وَأمْوَالَكُمْ كحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا، فِى بلدكم هذا، فِى شَهْرِكُمْ هَذَا، ألا هَلْ بَلّغْتُ؟» قَالُوا: نَعَمْ، قَالَ: «اللَّهُمَّ اشْهَدْ» ثَلَاثًا «وَيْلَكُمْ – أَوْ وَيْحَكُمْ -، انْظُروا: لَا تَرْجعُوا بَعْدِى كُفّارًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырында отырып, қоштасу қажылығы жайлы әңгіме қозғаған едік. Алайда ешбіріміз де қоштасу қажылығының не екенін (яғни, неліктен олай аталғанын) білмейтінбіз. Сол кезде Расулалла алдымен Аллаға шүкіршілік білдіріп, мақтау айтып, содан соң бізге Тажал туралы тарқатып айтып берді. Сондағы айтқаны: «Алла тарапынан жіберілген әрбір пайғамбар өз үмбетін міндетті түрде Тажалдан сақтандырып отырған. Әзірет Нұх (а.с.) пен одан кейінгі пайғамбарлар да өз үмбеттеріне бұны ескерткен. Егер ол сендер өмір сүрген кезеңде шықса, еш шүбәсіз бұл жайттан сендер хабарсыз, қаперсіз болмайсыңдар. Өйткені Раббыларыңның бір көзі соқыр емес. Ал Тажалдың оң көзі соқыр, әрі бейне бір жүзімнің шоғынан шығыңқырап қалған жалғыз жүзім секілді томпақ болып келеді. Біліп қойыңдар! Алла Тағала осы күндеріңді (Құрбан айт күндерін), осы мекендеріңді және осы айларыңды (яғни, зулхижжа айын) сендер үшін қалай харам (яғни, қасиетті) қылса, сендерге бір-біріңнің қандарыңды және дүние-мүліктеріңді де харам қылды. Сендерге осыны айтып жеткіздім бе?» – деп сұрады. Сахабалар: «Әрине, айттыңыз!» – деді. Сонда Расулалла үш рет: «Уа, Аллам, бір Өзің куә бол!» – деп айтты да (бізге жаны ашып): «Байғұстар-ау! Байқаңдар, менен кейін бір-біріңнің қандарыңды төгіп, кәпір болып кетіп жүрмеңдер», – деп қатаң ескерту жасады», – деген (Бұхари: 4402-4403; Муслим: 224,425; Ахмад: 6185).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды, когда мы сидели в присутствии Пророка ﷺ, мы заговорили о прощальном хадже. Однако никто из нас не знал, что означает “прощальный хадж” (то есть почему он получил такое название). Тогда Посланник Аллаха ﷺ сначала воздал Аллаху благодарность и хвалу, а затем подробно рассказал нам о Даджале. Среди прочего он сказал: “Каждый пророк, посланный Аллахом, непременно предостерегал свою общину от Даджаля. Пророк Нух (мир ему) и все пророки после него также предупреждали о нём свои общины. Если он появится при вашей жизни, вы, без сомнения, не останетесь в неведении об этом. Ведь ваш Господь не слеп на один глаз, тогда как правый глаз Даджаля слеп и выпукл, словно отдельная виноградина, выступающая из грозди.

Знайте! Подобно тому как Аллах Всевышний объявил неприкосновенными (то есть священными) эти ваши дни (дни Курбан-айта), это ваше место и этот ваш месяц (то есть месяц зуль-хиджа), Он объявил неприкосновенными для вас кровь и имущество друг друга. Довёл ли я это до вас?”

Сподвижники ответили: “Да, довели!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ трижды произнёс: “О Аллах, Ты Сам будь свидетелем!” – а затем (сострадая нам) строго предостерёг: “Горе вам! Смотрите же, не становитесь после меня неверующими, проливая кровь друг друга”» (Аль-Бухари: 4402–4403; Муслим: 224, 425; Ахмад: 6185).