عَنْ زيد بْنِ أرقم قَالَ: خرجنا مَعَ رسُولِ اللَّه ﷺ فِى سَفَرٍ أَصَابَ النَّاسَ فِيهِ شِدَّةٌ، فَقَالَ عبدُ اللَّهِ بْنِ أُبَيّ: لَا تُنْفِقُوا عَلَى مَنْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى يَنْفَضُّوا، وَقَالَ: لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ، فَأَتَيْتُ رسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأخْبَرْتُهُ بِذَلِكَ، فَأَرْسَلَ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيِّ، فَاجْتَهَدَ يَمِينَهُ: مَا فَعلَ، فَقَالُوا: كَذَبَ زيدٌ رَسُولَ اللَّه ﷺ، فَوَقَعَ فِى نَفْسِى مِمَّا قَالُوهُ شِدَّةٌ حَتَّى أنْزلَ اللَّهُ تَعَالَى تَصْدِيقِى: «إِذَا جَاءكَ الْمُنَافِقُونَ [ثُمَّ دعاهُمُ النَّبِيّ ﷺ لِيَسْتَغْفِرَ لَهُمْ فَلَوَّوْا رُؤُوسَهُمْ
Зайд ибн Арқам (р.а.): «Кезінде Алла елшісімен ﷺ бірге бір жорыққа шыққан едік. Сол жорықта адамдар үлкен қиындыққа душар болды. Сонда (әскер арасында болған екі жүзділердің басшысы) Абдуллаһ ибн Убәй жанындағыларға: «Алла елшісінің маңайындағыларға еш нәрсе бермеңдер, ақыр соңында олар (қатты қиналғаннан) жан-жаққа тарап кетеді. Мәдинаға оралғанымызда үстем болғандар (яғни, мына біз) қор болғандарды (мүміндерді) ол жерден қуып шығады», – деді. Мен бірден Алла елшісіне барып, сол жайлы хабар бердім. Алла елшісі Абдуллаһ ибн Убәйға кісі жіберіп, құзырына шақыртты. Сонда ол жоқ, олай істемедім деп, өлердегі сөзін айтып, ант ішті. Сол кезде базбіреулер: «Зайд Алла елшісіне өтірік айтты», – деп айтып жатты. Олардың айтқан сөзіне іштей қатты қынжылдым. Ақырында Алла Тағала менің сөзімді растаған «Мұнафиқун» сүресін түсірді. Содан соң Пайғамбарымыз олар үшін Алладан кешірім тілейін деп, барлығын шақыртып еді, олар бас тартты», – деген (Бұхари: 4902, Муслим: 7024, Ахмад: 19334).
Зайд ибн Аркам (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ выступили в поход. Во время этого похода люди столкнулись с большими трудностями. Тогда (находившийся среди войска предводитель лицемеров) Абдуллах ибн Убай сказал тем, кто был рядом с ним: “Ничего не давайте тем, кто находится рядом с Посланником Аллаха ﷺ, и в конце концов они (из-за тяжёлых лишений) разойдутся кто куда. Когда мы вернёмся в Медину, могущественные (то есть мы) изгонят оттуда униженных (верующих)”.
Я сразу же пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и сообщил ему об этом. Посланник Аллаха ﷺ послал за Абдуллахом ибн Убаем и велел привести его к себе. Тот стал всё отрицать, говоря: “Нет, я этого не делал”, и горячо поклялся в этом. Тогда некоторые стали говорить: “Зайд солгал Посланнику Аллаха ﷺ”. Их слова причинили мне глубокую душевную боль. Наконец Аллах Всевышний ниспослал суру “Аль-Мунафикун”, подтвердившую мои слова. Затем Пророк ﷺ созвал их всех, чтобы попросить для них у Аллаха прощения, однако они отказались» (Аль-Бухари: 4902; Муслим: 7024; Ахмад: 19334).