Хадис

Риядус-салихин, № 1441

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1441 (қазақша басылым реті)
1441
Риядус-салихин, № 1441Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَقِيْتُ إِبْرَاهِيمَ لَيلَةَ أُسْرِيَ بِى، فَقَالَ: يَا مُحَمّدُ أقْرِىءْ أُمَّتَكَ مِنِّى السَّلَامَ، وَأَخْبِرْهُمْ أَنَّ الْجَنَّةَ طَيَّبَةُ التُّرْبَةِ، عَذْبَةُ الْماءِ، وأَنَّهَا قِيعَانٌ وأَنَّ غِرَاسَهَا: سُبْحَانَ اللَّهِ، والحَمْدُ للهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، واللَّهُ أَكْبَرُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Миғраж түні Ибраһим (а.с.) пайғамбарды кездестіргенімде, маған: «Уа, Мұхаммед! Үмбетіңе сәлем айт! Әрі жұмақтың топырағының өте құнарлы, суының балдай тәтті, жерінің теп-тегіс әрі кең байтақ екенінен оларды хабардар ет. Сондай-ақ осынау құнарлы жердің көгеріп, жайқалуы: «Субханаллаһи, уәлхамду лилләһи, уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар», (Алла күллі кемшілік атаулыдан пәк, Аллаға сансыз мадақ, шексіз шүкіршілік айтамын, Алладан басқа тәңір жоқ, Алла ұлы), деп Алланы ұлықтау арқылы болатынын жеткіз», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 3462).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда в ночь Мираджа я встретил пророка Ибрахима (мир ему), он сказал мне: “О Мухаммад! Передай приветствие своей общине и сообщи ей, что почва рая необычайно плодородна, его вода сладка, словно мёд, а земля ровна и необъятно просторна. Передай им также, что эта плодородная земля зеленеет и покрывается пышной растительностью благодаря прославлению Аллаха словами: ‘Субханаллахи, валь хамду лилляхи, ва ля иляха илляллаху, валлаху акбар’ (Аллах пречист от всех недостатков; Аллаху воздаю бесчисленную хвалу и безграничную благодарность; нет божества, кроме Аллаха; Аллах Велик)”» (Ат-Тирмизи: 3462).