Хадис

Риядус-салихин, № 1435

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1435 (қазақша басылым реті)
1435
Риядус-салихин, № 1435Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ الَّذِى يَذْكُرُ رَبَّهُ وَالَّذِى لَا يَذْكُرُهُ مَثَلُ الْحَيِّ وَالْمَيِّتِ»

ورواه مسلم فَقَالَ: «مَثَلُ الْبَيْتِ الَّذِى يُذْكَرُ اللَّهُ فِيهِ، وَالْبَيْتِ الَّذِى لَا يُذْكَرُ اللَّهُ فِيهِ، مَثَلُ الْحَيِّ والمَيِّتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Раббысын үнемі еске алып, мадақтайтын адам мен еске алмайтын адамның мысалы – бейне бір тірі адам мен өлі адам сияқты», – деген (Бұхари: 6407).

Имам Муслимнің хадистер жинағында келген риуаятта: «Алла ұдайы еске алынып, мадақталатын үй мен Алла еске алынбайтын үйдің мысалы – бейне бір тірі адам мен өлі адам сияқты», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Человек, постоянно поминающий и восхваляющий своего Господа, и человек, который Его не поминает, подобны живому и мёртвому» (Аль-Бухари: 6407).

В версии хадиса, приведённой имамом Муслимом, говорится: «Дом, в котором постоянно поминают и восхваляют Аллаха, и дом, в котором Аллаха не поминают, подобны живому и мёртвому».