Хадис

Риядус-салихин, № 1419

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1419 (қазақша басылым реті)
1419
Риядус-салихин, № 1419Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ فُقَراءَ الْمُهَاجِرِينَ أَتَوْا رسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثورِ بِالدَّرَجَاتِ الْعُلَى، وَالنَّعِيمِ الْمُقِيمِ، يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّى، وَيَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ، وَلَهُمْ فَضْلٌ مِنْ أمْوَالٍ، يَحُجُّونَ، وَيَعْتَمِرُونَ، وَيُجَاهِدُونَ، وَيَتَصَدَّقُونَ. فَقَالَ: «ألَا أُعَلِّمُكُمْ شَيْئًا تُدْرِكُونَ بِهِ مَنْ سَبَقَكُمْ، وَتَسْبَقُونَ بِهِ مَنْ بَعْدَكُمْ، وَلَا يَكُون أَحَدٌ أَفْضَل مِنْكُمْ إِلَّا منْ صَنَعَ مِثْلَ مَا صَنَعْتُمْ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «تُسَبِّحُونَ، وَتَحْمَدُونَ، وَتُكَبِّرُونَ، خَلْفَ كُلِّ صَلَاةٍ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ» قَالَ أَبُو صالح الراوي عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، لَمَّا سُئِلَ عَنْ كَيْفِيَّةِ ذِكْرِهِنَّ قَالَ: يَقُولُ: سُبْحَان اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ واللَّهُ أَكْبَرُ، حَتَّى يَكُونَ مِنهُنَّ كُلُّهُنَّ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ

وزاد مسلمٌ فِى روايته: فَرَجَعَ فُقَراءُ الْمُهَاجِرِينَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: سَمِعَ إِخْوَانُنَا أَهْلُ الْأمْوَالِ بِمَا فَعَلْنَا فَفَعَلُوا مِثْلَهُ؟ فَقَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَلِكَ فَضْلُ اللَّه يُؤتِيهِ مَنْ يَشَاءُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте кедей мұхажырлар Алла елшісіне ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Мол дәулет иелері (жаннаттағы) жоғары дәрежелер мен мәңгілік нығметтерді алып кетіп жатыр. Олар біз секілді намаз оқиды, біз секілді ораза ұстайды. Алайда мал-дүниенің арқасында олардың бізден көп артықшылығы бар: қажылыққа барады, ұмра жасайды, Алла жолында күреседі және зекет-садақа береді», – дегенде, Пайғамбарымыз оларға: «Сендерге өздеріңді сауап тұрғысынан озып кеткендерге жеткізетін, өздеріңнен кейінгілерді басып оздыратын бір нәрсені үйретейін бе? Осынау игі істі істесеңдер, дәл өздерің сияқты істегендерден басқа ешкім сендерден асып түсе алмайды», – деді. Олар: «Уа, Расулалла! Әрине!» десті. Сонда Пайғамбарымыз оларға: «Әр намаздың артынша отыз үш мәртеден тасбих, тахмид және тәкбір айтыңдар!» деп айтты.

Осы хадисті Әбу Һурайрадан жеткізген Әбу Салих Пайғамбарымыздан мұны қалай айту керектігі жайлы сұралғанда, ол: «Субханалла, әлхамдулиллә, Аллаһу әкбар, деп әрқайсысын отыз үш реттен айтады», – деп жауап берді, – деген (Бұхари: 843, Муслим: 1347, Ахмад: 7243).

Имам Муслим өзінің хадистер жинағында мынаны қоса келтірген: «Біраз уақыттан кейін әлгі кедей мұхажырлар Алла елшісіне ﷺ қайта келіп: «Мол мал-дүние иелері болған бауырларымыз біздің істеп жүрген осынау ісіміз жайлы естіп алып, дәл солай істеп жүр...», – дегенде, Алла елшісі: «Ол (байлық) Алланың қалаған пендесіне беретін артықшылығы (оған шара жоқ)!» – деп айтты.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды бедные мухаджиры пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и сказали: “О Посланник Аллаха! Обладатели больших богатств обретают высшие степени (в раю) и вечные блага. Они совершают молитву так же, как мы, и соблюдают пост так же, как мы. Однако благодаря своему богатству они во многом опережают нас: совершают хадж и умру, участвуют в борьбе на пути Аллаха, выплачивают закят и раздают милостыню”. Пророк ﷺ сказал им: “Не научить ли вас тому, что поможет вам догнать тех, кто опередил вас в награде, и обогнать тех, кто придёт после вас? Если вы будете совершать это благое дело, никто не сможет превзойти вас, кроме тех, кто станет поступать так же, как вы”. Они ответили: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда Пророк ﷺ сказал им: “После каждой молитвы по тридцать три раза произносите тасбих, тахмид и такбир”.

Когда Абу Салиха, передавшего этот хадис от Абу Хурайры, спросили, как следует произносить эти слова, он ответил: “Каждую из фраз: ‘Субханаллах’, ‘Альхамдулиллях’ и ‘Аллаху акбар’ – произносят по тридцать три раза”» (Аль-Бухари: 843; Муслим: 1347; Ахмад: 7243).

Имам Муслим в своём сборнике хадисов также приводит следующее дополнение: «Спустя некоторое время бедные мухаджиры вновь пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и сказали: “Наши богатые братья узнали о том, что мы делаем, и теперь поступают так же…” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это (богатство) – преимущество, которое Аллах дарует тому из Своих рабов, кому пожелает (и с этим ничего не поделаешь)!”»