Хадис

Риядус-салихин, № 1396

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
242. Алланы жиі еске алып, мадақ пен шүкіршілік айтудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1396 (қазақша басылым реті)
1396
Риядус-салихин, № 1396Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا مَاتَ وَلَدُ الْعَبْدِ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى لِمَلَائِكَتِهِ: قَبَضْتُمْ وَلَدَ عَبْدي؟ فَيَقُولُون: نَعَمْ، فيَقُولُ: قَبَضْتُمْ ثَمَرَةَ فُؤادِهِ؟ فيَقُولُون: نَعَمْ، فيَقُولُ: ماذا قَالَ عَبْدِى؟ فَيَقُولُون: حَمدَكَ وَاسْتَرْجَعَ، فيقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: ابْنُوا لِعَبْدي بَيْتًا فِى الْجَنَّةِ، وَسَمُّوهُ بَيْتَ الْحَمْدِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ былай деген: «Қайсыбір пенденің бауыр еті баласы қайтыс болғанда, Алла Тағала періштелеріне: «Пендемнің перзентінің жанын алдыңдар ма?» – дейді. Сонда періштелер: «Иә», – дейді, Алла Тағала: «Оның жан жүрегін алдыңдар ғой?» – дегенде, періштелер: «Иә, солай», – дейді. Сонда Алла: «(Мұншама ауыр қайғыдан қабырғасы қайысқан) пендем не деді?» – дейді. Періштелер: «Өзіңе мадақ айтты және «бәріміз бір Алладан келдік, түбінде бәріміз Оған қайтамыз» деген сөзді айтты», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Олай болса, сол пендеме арнап жаннаттан бір үй тұрғызыңдар да, ол үйді «мадақ үйі» деп атаңдар», – деп бұйырады» (Тирмизи: 1021, Ахмад: 19725).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда у одного из рабов Аллаха умирает горячо любимое дитя, Аллах Всевышний спрашивает Своих ангелов: “Вы забрали душу ребёнка Моего раба?” Они отвечают: “Да”. Тогда Аллах Всевышний спрашивает: “Вы забрали самое дорогое его сердцу?” Они отвечают: “Да, это так”. Тогда Аллах спрашивает: “Что же сказал Мой раб (сражённый столь тяжким горем)?” Ангелы отвечают: “Он воздал Тебе хвалу и произнёс: ‘Все мы пришли от одного Аллаха и в конце концов все к Нему возвратимся’ (Коран, 2:156)”.

Тогда Аллах Всевышний повелевает: “В таком случае постройте для Моего раба дом в раю и назовите его ‘Домом хвалы’”» (Ат-Тирмизи: 1021; Ахмад: 19725).