عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَثَلُ مَا بَعَثَنِى اللَّه بِهِ مِنَ الْهُدَى وَالعِلْمِ كَمَثَلِ غَيْثٍ أَصَابَ أَرْضًا؛ فَكَانَتْ مِنْهَا طَائِفَةٌ طَيِّبةٌ قَبِلَتِ الْمَاءَ فَأَنْبَتَتِ الْكَلأَ، وَالعُشْبَ الْكَثِيرَ، وَكَانَ مِنْهَا أجَادِبُ أمْسَكَتِ الْمَاءَ، فَنَفَعَ اللَّهُ بِهَا النَّاسَ، فَشَرِبُوا مِنْهَا وَسَقَوْا وَزَرَعُوا، وَأَصَابَ طَائِفَةً مِنْهَا أُخْرَى إِنَّمَا هِيَ قِيعَانٌ؛ لَا تُمْسِكُ مَاءً وَلَا تُنْبِتُ كلأً، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ فَقُهَ فِى دِينِ اللَّهِ، وَنَفَعَهُ مَا بَعَثَنِى اللَّهُ بِهِ، فَعَلِمَ وَعَلَّمَ، وَمَثَلُ مَنْ لَمْ يَرْفَعْ بِذَلِكَ رَأسًَا، وَلَمْ يَقْبَلْ هُدَى اللَّهِ الَّذِى أُرْسِلْتُ بِهِ»
Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың маған берген һәм сол арқылы мені пайғамбар етіп жіберген тура жолы мен ілімі – бейне бір, үш түрлі жерге жауған нөсер жауынға ұқсайды. Жердің құнарлы болған бөлігі – жаңбыр суын өзіне толықтай сіңіріп, шүйгін шөп пен мол көк майса өсіріп шығарады. Жердің енді бір бөлігі жаңбыр суын сіңірмей бетінде ұстап тұратын қатты болады. Алла сол арқылы адамдарға пайда келтіреді. Адамдар сондай жерлерден өздері де ауыз су алып ішеді, малдарын да, егістерін де суарады. Жаңбыр суы жауған жердің тағы бір бөлігі суды сіңірмей ұстап тұра да алмайтын немесе суды сіңіріп, өсімдік өсіре де алмайтын теп-тегіс құнарсыз болады. Міне, Алланың дінін терең түсінген, Алланың маған берген және сол арқылы мені пайғамбар етіп жіберген тура жолы мен ілімі өзіне пайда берген адамның мысалы осыған (яғни, жердің бірінші және екінші түріне) ұқсайды, ол һәм өзі біліп, білгенін өзгелерге де үйреткен жан. Ал пайдалы ілімге мойнын бұрып қарамай теріс айналған және Алланың маған берген тура жолын қабылдамаған адам – үшінші мысалға (яғни жердің үшінші түріне) ұқсайды», – деген (Бұхари: 79, Муслим: 5953, Ахмад: 19573).
Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Прямой путь и знание, которые Аллах даровал мне и с которыми послал меня как пророка, подобны обильному ливню, пролившемуся на три разных вида земли. Плодородная часть земли полностью впитала дождевую воду и взрастила густую траву и обильную зелень. Другая часть земли была твёрдой: она не впитала дождевую воду, но удержала её на поверхности. Посредством этого Аллах принёс людям пользу: они брали оттуда воду для питья, поили ею скот и орошали свои посевы. Ещё одна часть земли, на которую выпал дождь, была ровной и бесплодной: она не могла ни удержать воду на поверхности, ни впитать её так, чтобы взрастить растения.
Таков пример человека, который глубоко постиг религию Аллаха и извлёк пользу из прямого пути и знания, дарованных мне Аллахом и с которыми Он послал меня как пророка: он подобен первым двум видам земли (плодородной земле и земле, сохранившей воду), поскольку сам обрёл знание и научил ему других. А человек, отвернувшийся от полезного знания, не пожелавший даже обратить на него внимания и не принявший прямого пути, который Аллах даровал мне, подобен третьему примеру (то есть третьему виду земли)» (Аль-Бухари: 79; Муслим: 5953; Ахмад: 19573).