Хадис

Риядус-салихин, № 1277

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
233. Қажылық парызы және оның артықшылығы
Нөмірі
№ 1277 (қазақша басылым реті)
1277
Риядус-салихин, № 1277Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَت: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَرَى الْجِهَادَ أَفْضَلَ الْعَمَلِ، أَفَلَا نُجَاهِدُ؟ فَقَالَ: «لَكُنَّ أَفْضَلُ الْجِهَادِ: حَجٌّ مَبْرُورٌ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Расулалла! ﷺ Біз (әйелдер қауымы) Алла жолындағы күресті ең абзал іс деп білеміз. Олай болса, біз де Алла жолындағы күреске қатыспаймыз ба?» – дедім. Сонда ол: «Сендер үшін ең абзал жиһад – мінсіз өтеліп, қабыл болған қажылық», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1520, Ахмад: 24422).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды я спросила: “О Посланник Аллаха ﷺ! Мы (женщины) считаем борьбу на пути Аллаха наилучшим деянием. Так не следует ли и нам участвовать в ней?” Он ответил: “Наилучший джихад для вас – безупречно совершённый и принятый хадж”» (Аль-Бухари: 1520; Ахмад: 24422).