عَنْ طَلْحَةَ بْنِ عبيد اللَّه قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ أَهْلِ نَجْدٍ ثَائِرُ الرَّأسِ نَسْمَعُ دَوِيَّ صَوْتِهِ، وَلَا نَفْقَهُ مَا يَقُولُ، حَتَّى دَنَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا هُوَ يَسألُ عَنِ الْإِسْلَام، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَمْسُ صَلَواتٍ فِى الْيَوْمِ وَاللَّيْلَةِ» قَالَ: هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهُنَّ؟ قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَّوَّعَ» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَصِيامُ شَهْرِ رَمَضَانَ» قَالَ: هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهُ؟ قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَّوَّعَ» قَالَ: وَذَكَرَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ الزَّكَاةَ، فَقَالَ: هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهَا؟ قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَّوَّعَ» فَأدْبَرَ الرَّجُلُ وَهُوَ يَقُولُ: وَاللَّهِ لَا أُزِيدُ عَلَى هَذَا وَلَا أنْقُصُ مِنْهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أفْلَحَ إِنْ صَدَقَ»
Талха ибн Убәйдуллаһ (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ Нәжд аймағынан шашының ұйпа-тұйпасы шыққан бір кісі келді. Алғашында оның гүрілдеген зор дауысын естісек те не айтып жатқанын ұқпадық. Сөйтіп, ол Алла елшісіне тақап келгенде, (анықтап тыңдасақ) Ислам туралы сұрап жатыр екен. Алла елшісі оған: «Бір күн, бір түн ішінде бес уақыт намаз оқу», – деді. Сонда ол: «Бұлардан басқа намаз оқуым керек пе?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Жоқ, басқасы өз қалауыңа байланысты», – деді. Содан кейін Алла елшісі: «Рамазан айының оразасын ұстау», – деді. Сонда ол тағы: «Бұдан басқа ораза ұстауым керек пе?» – деп сұрады. Расулалла: «Жоқ, басқасын өз қалауың бойынша ұстасаң болады», – деді. Соңынан Алла елшісі оған зекет туралы айтты. Ол: «Бұдан басқа беретін зекет түрі бар ма?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Жоқ, басқасын қалауың бойынша (садақа ниетімен) берсең болады», – деп жауап берді. Соңында әлгі адам: «Алланың атымен ант етейін! Осы айтылғандарға еш нәрсе қоспаймын да, әрі олардан еш нәрсе кемітпеймін де», – деп, бұрылды да кетіп қалды. Ол кеткен соң, Расулалла: «Егер айтқаны рас болса, игілікке кенеледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 46, Муслим: 100, Ахмад: 1390).
Тальха ибн Убайдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ пришёл человек из области Неджд с растрёпанными волосами. Поначалу мы слышали его громкий, гулкий голос, но не могли разобрать, что он говорит. Когда же он приблизился к Посланнику Аллаха ﷺ (и мы смогли расслышать его слова), оказалось, что он спрашивает об исламе. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Совершение пяти молитв в течение дня и ночи”. Тот спросил: “Должен ли я совершать ещё какие-либо молитвы, помимо этих?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, всё остальное – по твоему желанию”. Затем Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Соблюдение поста в месяц рамадан”. Тот снова спросил: “Должен ли я соблюдать ещё какой-либо пост, помимо этого?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, всё остальное можешь соблюдать по своему желанию”. После этого Посланник Аллаха ﷺ рассказал ему о закяте. Тот спросил: “Должен ли я выплачивать что-либо сверх этого?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, но всё остальное можешь отдавать по своему желанию (в качестве милостыни)”. Тогда этот человек повернулся и ушёл, сказав: “Клянусь Аллахом! Я ничего не добавлю к сказанному и ничего из этого не убавлю”. Когда он ушёл, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если он сдержит своё слово, то обретёт благо”» (Аль-Бухари: 46; Муслим: 100; Ахмад: 1390).