Хадис

Риядус-салихин, № 1160

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
211. Шүкіршілік сәждесін жасау
Нөмірі
№ 1160 (қазақша басылым реті)
1160
Риядус-салихин, № 1160

عَنْ سعد بْنِ أَبِى وقاص قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ مَكّةَ نُرِيدُ الْمَدِينَةَ، فَلَمَّا كُنَّا قَرِيبًا مِنْ عَزْوَرَاءَ نَزَلَ ثُمَّ رَفَعَ يَدَيْهِ فَدَعَا اللَّه سَاعَةً، ثُمَّ خَرَّ سَاجِدًا، فَمَكَثَ طَويلًا، ثُمَّ قَامَ فَرَفَعَ يَدَيْهِ سَاعَةً، ثُمَّ خَرَّ سَاجِدًا – فَعَلَهُ ثَلَاثًَا – وَقَالَ: «إِنِّى سَألتُ رَبِّى، وَشَفَعْتُ لأُمَّتِى، فَأعْطَانِى ثُلُثَ أُمَّتِى، فَخَرَرْتُ سَاجِدًا لِرَبِّى شُكْرًا، ثُمَّ رَفَعْتُ رَأسِى، فَسَأَلْتُ رَبِّى لأُمَّتِى، فَأعْطَانِى ثُلُثَ أُمَّتِى، فَخَرَرْتُ سَاجِدًا لِرَبِّى شُكْرًا، ثُمَّ رَفَعْتُ رَأسِى، فَسَأَلْتُ رَبِّى لأُمَّتِى، فَأعْطَانِى الثُّلثَ الآخَرَ، فَخَرَرْتُ سَاجِدًا لِرَبِّى»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге Меккеден Мәдинаға қарай бет алған едік. Азуара деген жерге таяп қалғанымызда, Расулалла көлігінен түсіп, қолын көтеріп, біраз уақыт Аллаға дұға жасады. Содан кейін бірден сәждеге жығылып, біразға дейін басын көтермеді. Содан соң қайта тұрып, қолдарын жайып, тағы да біраз уақыт дұға жасады. Дұғадан кейін бірден сәждеге жығыла кетті. Дәл осы әрекетін үш рет қайталады да: «Раббыма жалбарынып, үмбетім үшін шапағат етіп едім, маған үмбетімнің үштен бірін берді. Сол үшін Раббыма шүкіршілік ретінде бірден сәждеге жығылдым. Содан кейін басымды көтеріп, Раббыма үмбетім үшін тағы да жалынғанымда, үмбетімнің тағы үштен бірін маған тарту етті. Сол үшін Раббыма шүкіршілік білдіріп, тағы да сәждеге жығылдым. Содан кейін басымды көтеріп, Раббыма үмбетім үшін тағы да жалынғанымда, маған үмбетімнің қалған үштен бірін тарту етті, сондықтан Раббыма шексіз шүкіршілік білдіріп, сәждеге жығылдым», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2775).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ направлялись из Мекки в Медину. Когда мы приблизились к местности Азуара, Посланник Аллаха ﷺ спешился, поднял руки и некоторое время обращался к Аллаху с мольбой. Затем он сразу совершил земной поклон и некоторое время не поднимал головы. После этого он поднялся, вновь простёр руки и ещё некоторое время молился, а затем снова сразу совершил земной поклон.

Он повторил это трижды, после чего сказал: “Я воззвал к своему Господу и ходатайствовал за свою общину, и Он даровал мне треть моей общины. В благодарность за это я сразу совершил земной поклон перед своим Господом. Затем я поднял голову и вновь стал молить своего Господа за свою общину, и Он даровал мне ещё одну её треть. В благодарность за это я снова совершил земной поклон перед своим Господом. Затем я поднял голову и ещё раз стал молить своего Господа за свою общину, и Он даровал мне оставшуюся треть моей общины. Поэтому, выражая своему Господу безмерную благодарность, я совершил земной поклон”» (Абу Дауд: 2775).