Хадис

Екінті намазының сүннеті

Сунна послеполуденной молитвы

Риядус-салихин, 200-тақырып · 3 хадис · № 1120–1122

Хадистер

1120
Риядус-салихин, № 1120Риуаят етуші: Әли

عَنْ علي بْنِ أَبِى طالب قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّى قَبْلَ الْعَصْرِ أَرْبَعَ رَكَعَاتٍ، يَفْصلُ بَيْنَهُنَّ بِالتَّسْلِيمِ عَلَى الْمَلَائِكَةِ الْمُقَرَّبِينَ، وَمَنْ تَبِعَهُمْ مِنَ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُؤْمِنِينَ

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ асыр намазынан бұрын төрт рәкағат нәпіл намаз оқитын. Сол төрт рәкағат намаздың дәл ортасында (тәшәһһудке отырып) муқаррабин періштелерге және соларға ерген мүмін-мұсылмандарға сәлем беретін еді», – деген (Тирмизи: 429, Ахмад: 650).

Орысша аудармасы

Али ибн Абу Талиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Перед обязательной послеполуденной молитвой Пророк ﷺ совершал четыре ракаата добровольной молитвы. В середине этих четырёх ракаатов (садясь для чтения ташаххуда) он произносил слова приветствия, обращённые к приближённым ангелам и последовавшим за ними верующим мусульманам» (Ат-Тирмизи: 429; Ахмад: 650).

1121
Риядус-салихин, № 1121Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «رَحِمَ اللَّهُ امْرءًا صَلَّى قَبْلَ الْعَصْرِ أَرْبَعًا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Екінті намазының парызынан бұрын төрт рәкағат нәпіл намаз оқыған адамды Алла Өзінің шексіз мейіріміне бөлесін», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт: 1271, Тирмизи: 430, Ахмад: 5980).

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Умара (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Да одарит Аллах Своей безграничной милостью того, кто совершает четыре ракаата добровольной молитвы перед обязательной послеполуденной молитвой!» (Абу Дауд: 1271; Ат-Тирмизи: 430; Ахмад: 5980).

1122
Риядус-салихин, № 1122Риуаят етуші: Әли

عَنْ علي بْنِ أَبِى طالب أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُصَلِّى قَبلَ الْعَصْرِ رَكْعَتَيْنِ

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ екінті намазының алдында екі бас нәпіл намаз оқитын еді», – деп айтылған (Әбу Дәуіт: 1272).

Орысша аудармасы

Передают со слов Али ибн Абу Талиба (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ совершал два ракаата добровольной молитвы перед послеполуденной молитвой (Абу Дауд: 1272).