Хадис

Бесін намазының сүннеттері

О молитвах сунны, связанных с полуденной молитвой

Риядус-салихин, 199-тақырып · 6 хадис · № 1114–1119

Хадистер

1114
Риядус-салихин, № 1114Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَكْعَتَيْنِ قَبْلَ الظُّهْرِ وَرَكْعَتَيْنِ بَعْدَهَا

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісімен ﷺ бірге бесін намазының парызынан бұрын және кейін екі бас нәпіл намаз оқыдым», – деген (Бұхари: 1165, Муслим: 1698, Ахмад: 4506).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Вместе с Посланником Аллаха ﷺ я совершал два ракаата добровольной молитвы до обязательной полуденной молитвы и два ракаата после неё» (Аль-Бухари: 1165; Муслим: 1698; Ахмад: 4506).

1115
Риядус-салихин, № 1115Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ لَا يَدَعُ أَرْبَعًا قَبْلَ الظُّهْرِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ бесін намазынан бұрын төрт рәкағат нәпіл намазды тастамай оқыған, деп айтылған. (Бұхари: 1182, Ахмад: 24340).

Орысша аудармасы

Передают со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Пророк ﷺ неизменно совершал четыре ракаата добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой (Аль-Бухари: 1182; Ахмад: 24340).

Түсіндірме (қазақша)

Айша (р.а.) анамыз мұнда Пайғамбарымыздың ﷺ әдетте бесіннің парызынан бұрын төрт рәкағат сүннет намазын оқығанын айтқан, ал жоғарыдағы Ибн Омардың (р.а.) риуаятында бесіннің парызынан бұрын тек екі бас сүннет оқыды делінген, ғалымдар мұны араб тілінде екілік түрде (тәсния) айтылған сөз көпше түрге қайшы келмейді, сондықтан да Ибн Омардың риуаяты мен Айша анамыздың риуаяты бір-біріне қайшы келмейді, деп түсіндірген.

Түсіндірме (орысша)

мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сообщает здесь, что обычно Пророк ﷺ совершал четыре ракаата сунны перед обязательной полуденной молитвой. Между тем в приведённом выше сообщении Ибн Умара (да будет доволен им Аллах) говорится, что перед обязательной полуденной молитвой он совершал лишь два ракаата сунны. Учёные объяснили, что в арабском языке слово, употреблённое в форме двойственного числа (тасния), не противоречит форме множественного числа. Поэтому сообщения Ибн Умара и матери правоверных Аиши не противоречат друг другу.

1116
Риядус-салихин, № 1116Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّى فِى بَيْتِى قَبْلَ الظُّهْرِ أَرْبَعًا، ثُمَّ يَخْرُجُ، فَيُصَلِّى بِالنَّاسِ، ثُمَّ يَدْخُلُ فَيُصَلِّى رَكْعَتَيْنِ. وَكَانَ يُصَلِّى بِالنَّاسِ الْمَغْرِبَ، ثُمَّ يَدْخُلُ فَيُصَلِّى رَكْعَتَيْنِ، وَيُصَلِّى بِالنَّاسِ الْعِشَاءِ، وَيَدْخُلُ بَيْتِى فَيُصَلِّى رَكْعَتَيْنِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ бесін намазының парызынан бұрын менің үйімде төрт рәкағат сүннет намазын оқып, содан кейін мешітке шығып, жамағатқа бесін намазын оқытатын. Намаздан кейін қайтадан үйге кіріп, екі рәкағат сүннет оқитын. Жамағатқа имам болып шам намазы мен құптан намазын оқытқаннан кейін де, менің үйіме кіріп, екі рәкағат сүннет оқитын еді», – деген (Муслим: 1699, Ахмад: 24019).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Перед обязательной полуденной молитвой Пророк ﷺ совершал в моём доме четыре ракаата сунны, затем выходил в мечеть и возглавлял общую полуденную молитву. После молитвы он снова возвращался в мой дом и совершал два ракаата сунны. После каждой из общих молитв – закатной и ночной, которые он возглавлял, – он также входил в мой дом и совершал два ракаата сунны» (Муслим: 1699; Ахмад: 24019).

1117
Риядус-салихин, № 1117Риуаят етуші: Үммі Хабиба

عَنْ أُمّ حَبِيبَةَ، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَافَظَ عَلَى أَرْبَعِ رَكَعَاتٍ قَبْلَ الظُّهْرِ، وَأَرْبَعٍ بَعْدَهَا، حَرَّمَهُ اللَّهُ عَلَى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Үммі Хабиба (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім бесін намазының алдындағы төрт рәкағат және одан кейінгі төрт рәкағат нәпіл намазды үнемі оқитын болса, Алла оны тозақ отына харам қылады1», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 1269, Тирмизи: 427, Ахмад: 27403).

Орысша аудармасы

Умм Хабиба (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Того, кто неизменно совершает четыре ракаата добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой и четыре ракаата после неё, Аллах сделает запретным для огня ада1» (Абу Дауд: 1269; Ат-Тирмизи: 427; Ахмад: 27403).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадисте бесін намазының парызынан бұрын төрт рәкағат және кейін төрт рәкағат нәпіл намаз оқылатындығы айтылған, ғалымдарымыз бұл хадистегі бесін намазынан кейін оқылатын төрт рәкағаттан тұратын нәпіл намазының алдыңғы екі рәкағаты бекітілген сүннет болса, қалған екеуі бекітілмеген сүннет немесе мустахап амал, деп түсіндірген.

Түсіндірме (орысша)

в этом хадисе говорится о совершении четырёх ракаатов добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой и четырёх ракаатов после неё. Наши учёные разъяснили, что из четырёх ракаатов добровольной молитвы, совершаемых после обязательной полуденной молитвы, первые два являются утверждённой сунной, а оставшиеся два – неутверждённой сунной либо желательным деянием (мустахабом).

  1. 1Оны мәңгі-бақиға тозақ отына харам қылады немесе мәңгі-бақи тозақта қалдырмайды деген мағынада.
  1. 1То есть Аллах навсегда сделает его недоступным для огня ада либо не оставит его в аду навечно.
1118
Риядус-салихин, № 1118

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ السائب أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُصَلِّى أَرْبَعًا بَعْدَ أَنْ تَزُولَ الشَّمْسُ قَبْلَ الظُّهْرِ، وَقَالَ: «إِنَّهَا سَاعَةٌ تُفْتَحُ فِيها أبْوَابُ السَّمَاءِ، فَأُحِبُّ أَنْ يَصْعَدَ لِى فِيهَا عَمَلٌ صَالِحٌ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әс-Сәйб (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ күн тас төбеден ауғаннан кейін бесін намазынан бұрын төрт рәкағат нәпіл намазын оқитын еді. Бірде ол (әдеттегідей бесіннің алдындағы сүннет намазын оқыған соң): «Бұл аспан қақпалары ашылатын уақыт. Сондықтан мен осы уақытта ізгі амалымның көкке көтерілгенін қалаймын», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 478, Ахмад: 15396).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абдуллаха ибн ас-Саиба (да будет доволен им Аллах), что после того, как солнце миновало зенит, Посланник Аллаха ﷺ обычно совершал четыре ракаата добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой. Однажды он (совершив, как обычно, сунну перед полуденной молитвой) сказал: «Это время, когда открываются врата небес. Поэтому я хочу, чтобы именно в это время моё благое дело вознеслось на небеса» (Ат-Тирмизи: 478; Ахмад: 15396).

1119
Риядус-салихин, № 1119Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذا لَمْ يُصَلِّ أربَعًا قَبلَ الظُّهْرِ، صَلاَّهُنَّ بَعْدَهَا

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ бесін намазынан бұрын төрт рәкағат нәпіл намазды оқи алмай қалса, оны бесіннің парызынан кейін оқитын еді», – деп айтылған (Тирмизи: 426).

Орысша аудармасы

Передают со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что если Пророку ﷺ не удавалось совершить четыре ракаата добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой, то он совершал их после обязательной полуденной молитвы (Ат-Тирмизи: 426).