Хадис

Таң намазының екі бас сүннетінің оқылу жолы жайында

О порядке совершения двух ракаатов сунны утренней молитвы

Риядус-салихин, 197-тақырып · 6 хадис · № 1105–1110

Хадистер

1105
Риядус-салихин, № 1105Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُصَلّي رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ بَيْنَ النِّدَاءِ وَالإِقَامَةِ مِنْ صَلَاةِ الصُّبْحِ

وَفِى رِوَايََةٍ لَهُمَا: يُصَلِّى رَكْعَتَي الْفَجْرِ، فَيُخَفِّفُهُمَا حَتَّى أَقُولَ: هَلْ قَرَأَ فِيهما بِأُمِّ الْقُرْآنِ

وَفِى رِوَايَة لمسلم: كَانَ يُصلِّى رَكْعَتَي الْفَجْرِ إِذَا سَمِعَ الْأذَانَ وَيُخَفِّفُهُمَا

وَفِى رِوَايَة: إِذَا طَلَعَ الْفَجْرُ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла елшісінің ﷺ таң намазының азаны мен қаматының арасында жеңіл-желпі екі бас нәпіл намаз оқитынын жеткізген (Бұхари: 619, Муслим: 1681, Ахмад: 25447).

Айшадан (р.а.) жеткен басқа хадисте: «Оның ﷺ таң намазының екі бас сүннетін тездетіп оқитындығы соншалық, мен ішімнен: «Фатиха сүресін оқыды ма екен өзі?» – дейтін едім», – деген.

Имам Муслим келтірген басқа бір хадисте: «Алла елшісі ﷺ азанды естігенде, таң намазының екі бас сүннетін тездетіп оқитын еді», – деген. Басқа бір хадисте: «Таң ағарып атқанда...», – деп келген.

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ совершал между азаном и икаматом утренней молитвы два коротких ракаата добровольной молитвы (Аль-Бухари: 619; Муслим: 1681; Ахмад: 25447).

В другом хадисе, переданном от Аиши (да будет доволен ею Аллах), сказано: «Он ﷺ совершал два ракаата сунны утренней молитвы настолько кратко, что я задавалась вопросом, успел ли он вообще прочитать суру “Аль-Фатиха”».

В другом хадисе, приведённом имамом Муслимом, сказано: «Услышав азан, Посланник Аллаха ﷺ совершал два коротких ракаата сунны утренней молитвы». В другом хадисе сказано: «Когда занималась заря…»

1106
Риядус-салихин, № 1106Риуаят етуші: Хафса

عَنْ حفصة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا أذَّنَ الْمُؤَذِّنُ لِلْصُّبْحِ وَبَدَا الصُّبْحُ، صَلَّى رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ

وَفِى رِوَايَة لمسلم: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا طَلَعَ الْفَجْرُ لَا يُصَلِّى إِلَّا رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ

Қазақша аудармасы

Хафса (р.а.) Алла елшісінің ﷺ азаншы таң намазының азанын шақырып, таң әбден ағарып атса да, жеңіл-желпі екі бас намаз оқитынын жеткізген (Бұхари: 618, Муслим: 1676).

Имам Муслим келтірген хадисте: «Таң ағарып атқанда Алла елшісі ﷺ таң намазының жеңіл-желпі екі бас сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намаз оқымайтын», – делінген.

Орысша аудармасы

Передают со слов Хафсы (да будет доволен ею Аллах), что после того, как муэдзин произносил азан утренней молитвы и рассвет становился явным, Посланник Аллаха ﷺ совершал два коротких ракаата (Аль-Бухари: 618; Муслим: 1676).

В хадисе, приведённом имамом Муслимом, говорится: «Когда занимался рассвет, Посланник Аллаха ﷺ не совершал никаких добровольных молитв, кроме двух коротких ракаатов сунны утренней молитвы».

1107
Риядус-салихин, № 1107Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّى مِنَ اللَّيْلِ مَثْنَى مَثْنَى، وَيُوتِرُ بِرَكْعَةٍ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ، وَيُصَلِّى الرَّكْعَتَيْنِ قَبْلَ صلاةِ الْغَدَاةِ، وَكَأَنَّ الْأَذَانَ بِأُذُنَيْهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ түнгі нәпіл намаздарды екі-екі рәкағаттан оқитын және түннің соңғы бөлігінде бір рәкағат үтір намазын оқитын. Таң намазының алдында бейне бір қамат түсіріліп жатқандай тездетіп екі бас сүннетін оқитын», – деген (Бұхари: 995, Муслим: 1748, Ахмад: 4860).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ совершал ночные добровольные молитвы по два ракаата, а в последней части ночи совершал один ракаат витра. Перед утренней молитвой он совершал два коротких ракаата сунны, словно уже слышал икамат» (Аль-Бухари: 995; Муслим: 1748; Ахмад: 4860).

1108
Риядус-салихин, № 1108Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ فِى رَكْعَتَي الْفَجْرِ فِى الْأُولَى مِنْهُمَا: «قُولُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا» الآية الَّتِى فِى الْبقرة

وَفِى رِوَايَة: وَفِى الْآخِرَةِ الَّتِى فِى آل عِمْران: «تَعَالَوْا إِلَى كَلِمَةٍ سَوَاءٍ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте, Алла елшісі ﷺ таң намазының екі рәкағат сүннетінің алғашқы рәкағатында Бақара сүресіндегі, «Біз бір Аллаға және өзімізге түсірілгенге иман келтірдік, деп айтыңдар...»,1 деген аятты оқып, соңғы рәкағатта, «...біз бір Аллаға иман келтірдік! (Уа, Иса!) Біздің Аллаға қалтқысыз мойынсұнушы екенімізге сен де куә бол!»2 деген аятты оқитын еді, деп айтылған.

Хадистің басқа нұсқасында: «Соңғы рәкағатта Әли Имран сүресіндегі «(Уа, кітап иелері!) Қане, бізге де, сендерге де ортақ болған арамыздағы мына сөзге келейік...!»3 деген аятты оқитын еді», – деп айтылған (Муслим: 1691-1692, Ахмад: 2386).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Аббаса (да будет доволен ими обоими Аллах), что в первом из двух ракаатов сунны утренней молитвы Посланник Аллаха ﷺ читал аят из суры «Аль-Бакара»: «Скажите: “Мы уверовали в Единого Аллаха и в ниспосланное нам…”»1, а в последнем ракаате – аят: «…мы уверовали в Единого Аллаха! (О Иса!) Засвидетельствуй же и ты, что мы безоговорочно покорны Аллаху!»2.

В другой версии хадиса сказано: «В последнем ракаате он читал аят из суры “Али Имран”: “(О обладатели Писания!) Давайте же придём к слову, общему для нас и для вас…!”3» (Муслим: 1691–1692; Ахмад: 2386).

  1. 1Бақара сүресі, 136-аят
  2. 2Әли Имран сүресі, 52-аят
  3. 3Әли Имран сүресі, 64-аят
  1. 1Сура «Аль-Бакара», аят 136.
  2. 2Сура «Али Имран», аят 52.
  3. 3Сура «Али Имран», аят 64.
1109
Риядус-салихин, № 1109Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قرأ فِى رَكْعَتَي الْفَجْرِ: «قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ» وَ«قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ таң намазының екі рәкағат сүннетінің алғашқы рәкағатында «Қул йә әййуһәл-кәфирун» деп басталатын «Кәфирун» сүресін, екіншісінде «Қул һуаллаһу ахад» деп басталатын «Ықылас» сүресін оқитын еді», – деген (Муслим: 1690).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «В первом из двух ракаатов сунны утренней молитвы Посланник Аллаха ﷺ читал суру “Аль-Кафирун”, начинающуюся словами “Куль йа айюхаль кафирун” (Коран, 109:1), а во втором – суру “Аль-Ихляс”, начинающуюся словами “Куль хуваллаху ахад” (Коран, 112:1)» (Муслим: 1690).

1110
Риядус-салихин, № 1110Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: رَمَقْتُ النَّبِيَّ ﷺ شَهْرًا فَكَانَ يَقْرَأُ فِى الرَّكْعَتَيْنِ قَبْلَ الْفَجْرِ: «قُلْ يَا أيُّهَا الْكَافِرُونَ» وَ «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бір ай бойы Пайғамбарымызды ﷺ бақылағанымда, таң намазының парызынан бұрынғы екі бас (сүннет) намазда «Қул иа әйюһәл кафирун» және «Қул һуаллаһу ахад» сүрелерін оқитын еді», – деген (Тирмизи: 417, Ахмад: 4763).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «В течение месяца я наблюдал за Пророком ﷺ и видел, что в двух ракаатах (сунны) перед обязательной утренней молитвой он читал суры, начинающиеся словами “Куль йа айюхаль кафирун” (Коран, 109:1) и “Куль хуваллаху ахад” (Коран, 112:1)» (Ат-Тирмизи: 417; Ахмад: 4763).