Хадис

Таң намазының екі бас сүннетінің артықшылығы

О достоинстве двух ракаатов сунны утренней молитвы

Риядус-салихин, 196-тақырып · 4 хадис · № 1101–1104

Хадистер

1101
Риядус-салихин, № 1101Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ لَا يَدَعُ أَرْبَعًا قَبْلَ الظُّهْرِ، وَرَكْعَتَيْنِ قَبْلَ الْغَدَاةِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ бесін намазының парызынан бұрын төрт бас сүннет намаз бен таң намазының парызынан бұрын екі бас сүннет намазды тастамай оқитын», – деп айтылған (Бұхари: 1182, Ахмад: 24340).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов матери правоверных Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Пророк ﷺ неизменно совершал четыре ракаата сунны перед обязательной полуденной молитвой и два ракаата сунны перед обязательной утренней молитвой (Аль-Бухари: 1182; Ахмад: 24340).

1102
Риядус-салихин, № 1102Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، قَالَتْ: لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى شَيْءٍ مِنَ النَّوَافِلِ أشَدَّ تَعَاهُدًَا مِنهُ عَلَى رَكْعَتَي الْفَجْرِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ нәпіл намаздардың ішінде таң намазының екі бас сүннетіне өте қатты мән беретін еді», – деген (Бұхари: 1169, Муслим: 1686, Ахмад: 24167).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Из всех добровольных молитв Пророк ﷺ придавал особое значение двум ракаатам сунны утренней молитвы» (Аль-Бухари: 1169; Муслим: 1686; Ахмад: 24167).

1103
Риядус-салихин, № 1103Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «رَكْعَتَا الْفَجْرِ خَيْرٌ مِنَ الدنْيَا وَمَا فِيهَا»

وَفِى رِوَايَة: «لَهُمَا أحَبُّ إِليَّ مِنَ الدنْيَا جَمِيعًا»

Қазақша аудармасы

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Таң намазының екі рәкағаты дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен де қайырлы», – деп айтты», – делінген.

Басқа бір риуаятта: «Таң намазының екі рәкағаты мен үшін бүкіл дүниеден де сүйікті», – деген (Муслим: 1688, Ахмад: 26286).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов матери правоверных Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Два ракаата сунны утренней молитвы лучше всего мира и всего, что в нём есть».

В другой версии сказано: «Два ракаата сунны утренней молитвы для меня любимее всего мира» (Муслим: 1688; Ахмад: 26286).

1104
Риядус-салихин, № 1104

عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ بلالِ بْنِ رَبَاح مُؤَذِّن رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَنَّهُ أَتَى رَسُول اللَّهِ ﷺ، لِيُؤْذِنَه بِصَلَاةِ الْغَدَاةِ، فَشَغَلَتْ عَائِشَةُ بِلالًا بِأَمْرٍ سَأَلَتْهُ عَنْهُ، حَتَّى أَصْبَحَ جِدًّا، فَقَامَ بِلالٌ فَآذَنَهُ بِالصَّلَاةِ، وَتَابَعَ أذَانَهُ، فَلَمْ يَخْرُجْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا خَرَجَ صَلَّى بِالنَّاسِ، فَأخْبَرَهُ أَنَّ عَائِشَةَ شَغَلَتْهُ بِأمْرٍ سَأَلَتْهُ عَنْهُ حَتَّى أَصْبَحَ جِدًّا، وَأَنَّهُ أبْطَأَ عَلَيْهِ بِالخُرُوجِ، فَقَالَ – يَعْنِى النَّبِيَّ ﷺ -: «إِنِّى كُنْتُ رَكَعْتُ رَكْعْتَي الْفَجْرِ» فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ أَصْبَحْتَ جِدًّا؟ فَقَالَ: «لَوْ أَصْبَحْتُ أَكْثَرَ مِمَّا أَصْبَحْتُ، لَرَكَعْتُهُمَا، وَأَحْسَنْتُهُمَا وَأجْمَلْتُهُمَا»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ азаншысы Әбу Абдулла Биләл ибн Рабах (р.а.) бір күні Алла елшісіне таң намазына азан шақыру үшін барғанда, Айша (р.а.) Биләлден (р.а.) таң әбден ағарып атқанға дейін бір мәселе жайлы сұрап, уақытын алып қояды. Содан соң Биләл орынынан тұрып, азан айтып (Алла елшісін) таң намазына шақырды, содан кейін тағы шақырды, алайда Алла елшісі бірден шықпады. Біраздан соң шығып, жамағатқа намаз оқытты. Содан Биләл (р.а.) Алла елшісіне жағдайды түсіндіріп, Айшаның (р.а.) таң әбден ағарып атқанға дейін өзінен бір мәселе жайлы сұрап уақытын алып қойғанын айтты және одан намазға неліктен кеш шыққандығы жайлы сұрады. Пайғамбарымыз оған: «Мен таң намазының екі бас сүннетін оқыдым», – деді. Сонда Биләл (р.а.): «Уа, Расулалла! Алайда сіз таң әбден ағарғанға дейін кешіктіңіз ғой?» – дегенде, оған: «Мен одан да кеш қалсам да, таң намазының екі бас сүннетін көркемдеп, әдемілеп толыққанды етіп оқитын едім», – деп жауап берді» (Әбу Дәуіт: 1257).

Орысша аудармасы

Сообщается, что однажды муэдзин Посланника Аллаха ﷺ Абу Абдуллах Билял ибн Рабах (да будет доволен им Аллах) пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ, чтобы призвать его на утреннюю молитву. Аиша (да будет доволен ею Аллах) стала расспрашивать Биляла о каком-то деле и задержала его до тех пор, пока не стало совсем светло. Затем Билял поднялся и позвал Посланника Аллаха на утреннюю молитву, после чего позвал его ещё раз, однако Посланник Аллаха вышел не сразу. Через некоторое время он вышел и возглавил общую молитву.

После этого Билял объяснил Посланнику Аллаха, что произошло: рассказал, что Аиша расспрашивала его о каком-то деле и задержала до тех пор, пока не стало совсем светло, а затем спросил, почему тот так поздно вышел на молитву. Пророк ﷺ ответил ему: «Я совершил два ракаата сунны утренней молитвы». Билял сказал: «О Посланник Аллаха! Но ведь ты задержался до тех пор, пока не стало совсем светло!» На это он ответил: «Даже если бы я задержался ещё дольше, я всё равно совершил бы эти два ракаата сунны утренней молитвы полноценно, красиво и наилучшим образом» (Абу Дауд: 1257).