عَنْ الْبراء قَالَ: كُنَّا إِذَا صَلَّيْنَا خَلْفَ رَسُول اللَّهِ ﷺ أَحْبَبْنَا أَنْ نَكُونَ عَنْ يَمِينهِ، يُقْبِلُ عَلَيْنَا بِوَجْهِهِ، فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: «رَبِّ قِنِى عَذَابَكَ يَوْمَ تَبْعَثُ – أَوْ تَجْمَعُ – عِبَادَكَ»
Бараа ибн Азиб (р.а.): «Біз Алла елшісінің ﷺ артында тұрып намаз оқыған кезімізде, оның оң жағына қарай тұруды ұнататын едік. Өйткені Алла елшісі (намазды аяқтаған соң отырған күйінде) оң жағына қарай бұрылып, бізге қарайтын еді. Бірде (бізге қарай бұрылғанында): «Уа, Раббым! Пенделеріңді қайта тірілтетін (махшарға жинайтын) күніңде мені азабыңнан сақтай көр!» – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1642, Ахмад: 18553).
Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы совершали молитву позади Посланника Аллаха ﷺ, нам нравилось становиться справа от него, поскольку после завершения молитвы Посланник Аллаха (оставаясь сидеть) поворачивался вправо и смотрел на нас. Однажды я услышал, как он (повернувшись к нам) сказал: “О Господь мой! Убереги меня от Твоей кары в День, когда Ты воскресишь (соберёшь для Великого собрания) Своих рабов!”» (Муслим: 1642; Ахмад: 18553).