عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رُصُّوا صُفُوفَكُمْ، وَقَارِبُوا بَيْنَهَا، وَحَاذُوا بِالأعْنَاقِ؛ فَوَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ إِنِّى لأَرَى الشَّيْطَانَ يَدْخُلُ مِنْ خَلَلِ الصَّفِّ، كَأَنَّهَا الْحَذَفُ»
Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Иін тіресе сап түзеңдер. Әр саптың арасын бір-біріне жақын етіп, мойындарыңды бір сызықтың бойында ұстаңдар. Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Шайтанның араларыңда қалған бос жерлерден хазаф қойы секілді ары-бері өтіп жүргенін анық көріп тұрмын», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт: 667, Ахмад: 13735).
Передаётся со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Смыкайте свои ряды, стоя плечом к плечу, располагайте их близко друг к другу и держите шеи на одной линии. Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Я ясно вижу, как шайтан проходит туда и обратно через оставленные между вами промежутки, словно овца хазаф» (Абу Дауд: 667; Ахмад: 13735).