Хадис

Риядус-салихин, № 1030

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
185. Дәрет алу әдебі
Нөмірі
№ 1030 (қазақша басылым реті)
1030
Риядус-салихин, № 1030Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أتى الْمقبرة، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ دَارَ قَومٍ مُؤْمِنِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، وَدِدْتُ أَنَّا قَدْ رَأَيْنَا إِخْوانَنَا» قَالُوا: أوَلَسْنَا إِخْوَانَكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «أنْتُمْ أَصْحَابِى، وَإِخْوَانُنَا الَّذِينَ لَمْ يَأْتُوا بَعْدُ» قَالُوا: كَيْفَ تَعْرِفُ مَنْ لَمْ يَأْتِ بَعْدُ مِنْ أُمَّتِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ: «أَرَأَيْتَ لَوْ أَنَّ رَجُلًا لَهُ خَيلٌ غُرٌّ مُحَجَّلَةٌ بَيْنَ ظَهْرَيْ خَيْلٍ دُهْمٍ بُهْمٍ، ألا يَعْرِفُ خَيْلَهُ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «فَإِنَّهُمْ يَأْتُونَ غُرًّا مُحَجَّلينَ مِنَ الْوُضُوءِ، وَأَنَا فَرَطُهُمْ عَلَى الْحَوْضِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Алла елшісі ﷺ зират басына келіп: «Әссәләму аләйкум! Уа, мүміндер мекенінің тұрғындары! Алла қаласа, біз де бір күні сендермен қауышамыз. Бауырларымызды көруді сондай қалар едім!» – деді. Сол кезде қасындағы сахабалары: «Уа, Расулалла! Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?» – деп сұрады. Сонда ол: «Сендер менің сахабаларымсыңдар. Ал бауырларымыз дегенде дүниеге әлі келмеген (мүміндерді) айттым», – деп жауап берді. Сол кезде сахабалар: «Уа, Расулалла! Үмбетіңізден дүние есігін әлі ашпағандарды о дүниеде қалай танисыз?» – деді. Алла елшісі: «Бір кісінің маңдайында қасқасы, аяқтарында аласы бар аттары болса әрі олар үстінде аласы жоқ бірыңғай қара түсті жылқылардың ішінде жүрсе, әлгі адам өз жылқысын бірден тани ала ма, айтыңдаршы?» – дегенде, сахабалар: «Әрине, таниды, уа, Расулалла!» – деп жауап қатты. Сонда ол: «Расында, олар (қиямет күні) алған дәреттерінің арқасында жүздері мен қол-аяқтары нұрға шомып, жарқыраған күйде келеді. Мен оларды Қауыздың маңайында күтетін боламын», – деп айтты», – деген (Муслим: 584, Ахмад: 8878).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ пришёл на кладбище и произнёс: “Ассаляму алейкум, верующие обитатели этого места! Если пожелает Аллах, однажды и мы присоединимся к вам. Как же мне хотелось бы увидеть наших братьев!” Находившиеся рядом с ним сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Разве мы не твои братья?” Он ответил: “Вы – мои сподвижники. А говоря о наших братьях, я имел в виду тех (верующих), которые ещё не появились на свет”. Тогда сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как же ты узнаешь в ином мире тех из твоей общины, кто ещё не появился на свет?” Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Скажите, если у человека есть лошади с белыми отметинами на лбу и ногах, находящиеся среди вороных коней без единого белого пятна, разве он не узнает своих лошадей?” Сподвижники ответили: “Конечно, узнает, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Поистине, они (в День воскресения) придут с лицами, руками и ногами, сияющими светом благодаря совершённым ими омовениям. Я буду ждать их у Водоёма”» (Муслим: 584; Ахмад: 8878).