Хадис

Риядус-салихин, № 1002

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
180. Құран оқудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1002 (қазақша басылым реті)
1002
Риядус-салихин, № 1002Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عبد اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ: اقْرَأْ وَارْتَقِ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِى الدُّنْيَا، فَإِنَّ مَنْزِلَتَكَ عِنْدَ آخِرِ آية تَقْرَؤُهَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген, (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерін бұлжытпай орындаған) адамға: «Құран оқып, шарықтай түс. Дүниеде оны қалай нақышына келтіре мәнерлеп оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп оқы. Расында, сенің пейіштегі дәрежең, өзің жатқа оқитын соңғы аяттың тұсында болады» деп айтылады», – деген», – делінген (Әбу Дәуд: 1664, Тирмизи: 2514, Ахмад: 6799).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В раю человеку, знавшему наизусть весь Коран или часть его (а также постоянно читавшему его и неукоснительно исполнявшему его предписания), будет сказано: “Читай Коран и поднимайся всё выше. Читай его здесь так же искусно и выразительно, как читал в земной жизни. Воистину, твоя степень в раю будет определена последним аятом, который ты прочтёшь наизусть”» (Абу Дауд: 1664; Ат-Тирмизи: 2514; Ахмад: 6799).

Түсіндірме (қазақша)

Басқа бір хадисте Құран аяттарының саны қанша болса, жұмақтағы дәрежелердің де соншалықты екендігі және Құранды жатқа білген, (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерін бұлжытпай орындаған) адамдардың дәрежесінің өзге жұмақтықтарға қарағанда жоғары болатындығы айтылған. Осы хадис те соны меңзейді.

Түсіндірме (орысша)

в другом хадисе говорится, что число степеней в раю соответствует числу аятов Корана и что степень тех, кто знает Коран наизусть (а также постоянно читает его и неукоснительно исполняет его предписания), будет выше степени остальных обитателей рая. На это указывает и данный хадис.