عَنْ جَابِر قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا خَطَبَ احْمَرَّتْ عَينَاهُ، وَعَلا صَوتُهُ، وَاشْتَدَّ غَضَبُهُ، حَتَّى كَأَنَّهُ مُنْذِرُ جَيشٍ، يَقُولُ: «صَبَّحَكُمْ وَمَسَّاكُمْ» وَيَقُولُ: «بُعِثتُ أَنَا والسَّاعَةُ كَهَاتَينِ» وَيَقْرِنُ بَيْنَ أُصبُعَيهِ السَّبَّابَةِ وَالوُسْطَى، وَيَقُولُ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنَّ خَيْرَ الْحَديثِ كِتَابُ اللَّه، وَخَيرَ الْهَدْيِ هَدْيُ مُحَمَّدٍ ﷺ، وَشَرَّ الْأُمُورِ مُحْدَثَاتُهَا، وَكُلَّ بِدْعَة ضَلَالَةٌ» ثُمَّ يَقُولُ: «أَنَا أوْلَى بِكُلِّ مُؤْمِنٍ مِنْ نَفسِهِ، مَنْ تَرَكَ مَالًا فَلأَهْلِهِ، وَمَنْ تَرَكَ دَيْنًا أَوْ ضَيَاعًا فَإِلَيَّ وَعَلَيَّ»
Жәбир (р.а.): «Әдетте, Алла елшісі ﷺ құтба айтқанда көзі қызарып, дауысы зорайып, құдды: «Дұшпан таңертең немесе кешке тұтқиылдан шабуыл жасайды, дайын болыңдар!» деп қол астындағы жауынгерлеріне ескертіп тұрған қолбасшы сияқты айбаттанып кететін еді. Сондай құтбаларының бірінде сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын теңестіріп, көрсетіп тұрып: «Мен пайғамбар болып жіберілген уақыт пен қиямет күнінің арасы мына екі саусақтың арасындай ғана», – деді де: «Расында, ең абзал сөз – Алланың кітабы! Ең қайырлы жол – Мұхаммедтің жолы! Істердің ең жаманы – (Құран мен Сүннетте негізі болмаған кейіннен пайда болған) діндегі жаңалықтар! (Құран мен Сүннетте негізі болмаған) діндегі әрбір жаңалық – адасушылық!» – деді. Содан кейін: «Мен әрбір мүмінге өз жанынан да жақынмын. Кімде-кім артына дүние-мүлік қалдырса, онысы бала-шағасына тиесілі. Ал кімнің артында өтелмеген қарызы немесе күтімге мұқтаж бала-шағасы қалса, олар менікі әрі менің мойнымда болады»,1 – деп айтты», – деген. (Муслим: 2005; Ахмад: 14334).
Джабир (да будет доволен им Аллах) передал: «Обычно, когда Посланник Аллаха ﷺ произносил проповедь, его глаза краснели, голос становился громче, а сам он говорил с таким воодушевлением, словно полководец, предупреждающий своих воинов: “Враг внезапно нападёт на вас утром или вечером – будьте готовы!” Во время одной из таких проповедей он, сложив рядом указательный и средний пальцы, сказал: “Между временем, когда я был послан как Пророк, и наступлением Судного дня осталось столько же, сколько между этими двумя пальцами”. Затем он сказал: “Поистине, лучшее слово – Книга Аллаха! Лучший путь – путь Мухаммада ﷺ! Худшие из дел – нововведения в религии (возникшие впоследствии и не имеющие основания в Коране и Сунне)! Каждое нововведение в религии (не имеющее основания в Коране и Сунне) – заблуждение!” После этого он сказал: “Я ближе к каждому верующему, чем его собственная душа. Если кто-то оставит после себя имущество, оно принадлежит его семье и детям. Если же кто-то оставит после себя непогашенный долг или нуждающихся в содержании детей, то забота о них возлагается на меня”1» (Муслим: 2005; Ахмад: 14334).
- 1Яғни, Алла елшісі ﷺ өзіне олжадан немесе зекет-садақадан түскен мал-дүниеден өтейді.
- 1То есть Посланник Аллаха ﷺ погашает такие долги за счёт имущества, полученного им из военной добычи, закята или милостыни.