Хадис

Риядус-салихин, № 973

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
170. Сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға айтылатын сөз жайында
Нөмірі
№ 973 (қазақша басылым реті)
973
Риядус-салихин, № 973Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اسْتَوَى عَلَى بَعِيرِهِ خَارِجًا إِلَى سَفَرٍ، كَبَّرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَالَ: «سُبْحَانَ الَّذِى سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ، وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلبُونَ. اللّهُمَّ إِنا نسألكَ فِى سفرنا هذا الْبرّ والتَّقوى، ومنَ الْعملِ ما ترضى، اللَّهُمَّ هَوِّن عَلَيْنَا سَفَرَنَا هَذَا، وَاطْوِ عَنَّا بُعْدَهُ. اللَّهُمَّ أَنْتَ الصَّاحِبُ فِى السَّفَرِ، والخَلِيفَةُ فِى الْأَهْلِ. اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ الْمَنْظَرِ، وَسُوءِ الْمُنْقَلَبِ فِى الْمَالِ وَالْأَهْلِ وَالوَلَدِ» وَإِذَا رَجَعَ قَالَهُنَّ وَزَادَ فِيهِنَّ: «آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ сапарға шығарда түйесіне мініп, жайғасып алған соң, үш рет «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып: «Бұны бізге бағындырған Алла ұлы әрі кемшілік атаулыдан пәк. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оған қауқарымыз жетпес еді. Түбінде, бәріміз де Раббымызға қайтамыз. Уа, Алла Тағалам! Бізге осы сапарда игілік, тақуалық және Өзің разы болатын игі істер істеуді нәсіп ет! Уа, Алла Тағалам! Сапарымызды жеңілдетіп, біз үшін алысты жақындата көр! Уа, Алла Тағалам! Сапардағы серігіміз де, артта қалған отбасыларымыздың өкілі де бір Өзіңсің! Уа, Алла Тағалам! Сапардың машақатынан, сары уайымға салатын қандай да бір жағдайдан және сапардан оралғанда дүние-мүлкіміз бен отбасымызды бәле-жалаға ұшыраған күйде көруден бір Өзің сақтай көр!» – деп дұға жасайтын-ды. Сапардан қайтқанда, осы дұғаларына: «Біз сапардан қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, мадақ айтып келеміз!» – деген мадақ сөздерін қоса айтатын», – деп айтты (Муслим, 3275).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Отправляясь в путь, Посланник Аллаха ﷺ садился на своего верблюда и, удобно устроившись, трижды произносил такбир: “Аллаху акбар”, а затем обращался с мольбой: “Велик Аллах, подчинивший нам это, и пречист Он от всякого недостатка! Если бы Он не подчинил его нам, нам было бы не под силу совладать с ним. И в конце концов все мы возвратимся к нашему Господу (Коран, 43:13⁠–⁠14).

О Аллах Всевышний! Даруй нам в этом путешествии благо, богобоязненность и возможность совершать добрые дела, которыми Ты будешь доволен! О Аллах Всевышний! Облегчи наше путешествие и сделай для нас далёкое близким! О Аллах Всевышний! Лишь Ты – наш Спутник в пути и Попечитель наших семей, оставшихся дома! О Аллах Всевышний! Убереги нас от тягот пути, от всякого обстоятельства, повергающего в глубокую печаль, и от того, чтобы по возвращении из путешествия увидеть несчастье, постигшее наше имущество и семьи!” Возвращаясь из путешествия, к этой мольбе он добавлял слова хвалы: “Мы возвращаемся из путешествия, каемся перед нашим Господом, поклоняемся Ему и воздаём Ему хвалу!”» (Муслим: 3275).