Хадис

Риядус-салихин, № 169

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
17. Алланың бұйрығына бойсұну жайында
Нөмірі
№ 169 (қазақша басылым реті)
169
Риядус-салихин, № 169Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «للهِ مَا فِى السَّمَاوَاتِ وَمَا فِى الْأَرْضِ وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِى أَنْفُسِكُمْ أَو تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ» الآية [البقرة: 283] اشْتَدَّ ذَلِكَ عَلَى أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَأتَوا رَسُول اللَّهِ ﷺ ثُمَّ بَرَكُوا عَلَى الرُّكَبِ، فَقَالُوا: أيْ رَسُولَ اللَّهِ، كُلِّفْنَا مِنَ الْأَعمَالِ مَا نُطِيقُ: الصَّلَاةَ والجِهَادَ والصِّيامَ والصَّدَقَةَ، وَقَدْ أُنْزِلَتْ عَلَيْكَ هَذِهِ الآيَةُ وَلا نُطيقُها. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أتُرِيدُونَ أَنْ تَقُولُوا كَمَا قَالَ أَهْلُ الْكتَابَينِ مِنْ قَبْلِكُمْ: سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا؟ بَلْ قُولُوا سَمِعنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ» فَلَمَّا اقْتَرَأَهَا الْقومُ، وَذَلَّتْ بِهَا ألْسنَتُهُمْ أنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى فِى إِثرِهَا: «آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ وَقَالُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ» [البقرة: 285] فَلَمَّا فَعَلُوا ذَلِكَ نَسَخَهَا اللَّهُ تَعَالَى، فَأنزَلَ اللَّه تَعَالَى: «لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا» [البقرة: 286] قَالَ: نَعَمْ «رَبَّنَا وَلا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا» قَالَ: نَعَمْ «رَبَّنَا وَلا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِه» قَالَ: نَعَمْ «وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا أَنْتَ مَوْلانَا فَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ» قَالَ: نَعَمْ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Құранның «Көктегі мен жердегілердің барлығы жалғыз Аллаға тиесілі. Іштеріңе бүккен (ойларыңды, ниеттеріңді) жария етсеңдер де, жасырып қалсаңдар да, Алла Тағала сендерді ойларың мен пиғылдарыңа қарай жауапқа тартады. Содан соң, қалағанын кешіреді, қалағанын азаптайды. Расында, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»1 деген аяты түскенде, бұл пәрмен Алла елшісінің ﷺ сахабаларына өте ауыр тиді. Сөйтіп, олар Алла елшісіне келіп, алдында тізе бүгіп отырып: «Уа, Расулалла! Бұған дейін бізге намаз, жиһад, ораза, садақа беру секілді шамамыз келетін істер міндеттелген еді. Ал енді сізге түсірілген («тіпті, іштеріңе бүккен ойларың үшін де жауапқа тартыласыңдар» деген мағынадағы) мына аяттың үкімін орындауға әл-дәрменіміз жетпейді», – деп мұңдарын шақты. Сонда Алла елшісі оларға: «Сендер сонда, өздеріңнен бұрынғы кітап иелері яһудилер мен християндар секілді «Естідік, бірақ бойсұнудан бас тарттық», – демекшісіңдер ме? Сендер керісінше, «Естідік және бойсұндық. Уа, Раббымыз, бізді кешіре көр! Соңында бір Өзіңе қайтамыз», – деп айтыңдар», – деді. Сахабалар осы аятты оқып, шынайы ықыласпен бойсұнғанда, Алла Тағала бірден: «Пайғамбар мен мүміндер оған Раббысы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Олардың барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне иман келтірді. (Мүміндер былай деді): «Оның елшілерін бір-бірінен бөліп-жармаймыз. Естідік және бойсұндық. Уа, Раббымыз, бізді кешіре көр! Соңында бір Өзіңе қайтамыз»2 деген аятты түсірді. Сахабалар (бұл пәрменге) шынайы түрде бойсұнған соң, Алла Тағала алғашқы аяттың үкімін жойып: «Алла ешбір жанға шамасы келмейтін міндет жүктемейді. Әрбір жанның істеген (жақсылығы) өзіне, істеген (жамандығы) да өзіне. (Мүміндер): «Уа, Раббымыз, егер ұмытып немесе жаңылысып күнәға батсақ, бізді жауапқа тарта көрме!» – деп жалбарынғанда, Алла Тағала: «Әрине», – деді. «Уа, Раббымыз, бізге бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыртпалық арта көрме!» – дегенде, Алла Тағала: «Әрине», – деді. «Уа, Раббымыз, бізге шамамыздан тыс міндет жүктей көрме!» – дегенде, Алла Тағала: «Әрине», – деді. «Бізді кешіре көр! Бізді шексіз мейіріміңе бөлей көр! Біздің иеміз бір Өзіңсің, кәпір қауымына қарсы бізге жәрдем бер!»3 – дегенде, Алла Тағала: «Әрине», – деп, мүмін пенделерінің бар ықыласымен айтқан дұға-тілектерін қабыл алды», – деген. (Муслим: 329; Ахмад: 9344).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Когда был ниспослан аят Корана: “Аллаху одному принадлежит всё, что на небесах и на земле. Раскроете ли вы то, что таите в своих душах (мысли и намерения), или скроете это, Аллах призовёт вас к ответу за ваши мысли и намерения. Затем Он простит, кого пожелает, и подвергнет наказанию, кого пожелает. Поистине, Аллах властен над всякой вещью”1, это повеление оказалось чрезвычайно тяжёлым для сподвижников Посланника Аллаха ﷺ.

Они пришли к Посланнику Аллаха ﷺ, опустились перед ним на колени и пожаловались: “О Посланник Аллаха! Прежде на нас возлагались посильные для нас обязанности: молитва, джихад, пост и раздача милостыни. Теперь же тебе ниспослан этот аят, предписание которого нам не под силу исполнить: ведь мы будем отвечать даже за сокрытые в душе мысли”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Неужели вы хотите сказать, подобно жившим до вас обладателям Писания – иудеям и христианам: ‘Мы услышали, но отказались повиноваться’? Напротив, говорите: ‘Мы услышали и повиновались. Господь наш, прости нас! И лишь к Тебе предстоит наше возвращение’”.

Когда сподвижники прочитали этот аят и с искренней преданностью подчинились, Аллах Всевышний сразу ниспослал: “Посланник и верующие уверовали в ниспосланное ему от Господа. Все они уверовали в Аллаха, Его ангелов, Его Писания и Его посланников. (Верующие сказали): ‘Мы не делаем различий между Его посланниками. Мы услышали и повиновались. Господь наш, прости нас! И лишь к Тебе предстоит наше возвращение’”2.

После того как сподвижники искренне подчинились этому повелению, Аллах Всевышний отменил предписание первого аята и ниспослал: “Аллах не возлагает ни на одну душу ничего сверх её возможностей. Совершённое ею добро – ей во благо, а совершённое зло – ей во вред”. Верующие воззвали: “Господь наш! Не призывай нас к ответу, если мы впадём в грех по забывчивости или по ошибке!” – и Аллах Всевышний ответил: “Конечно”. Они сказали: “Господь наш! Не возлагай на нас такого бремени, какое возложил на живших до нас!” – и Аллах Всевышний ответил: “Конечно”. Они сказали: “Господь наш! Не возлагай на нас обязанностей, которые нам не под силу!” – и Аллах Всевышний ответил: “Конечно”. Они воззвали: “Прости нас! Окутай нас Своей безграничной милостью! Ты один – наш Покровитель. Помоги же нам против неверующего народа!”3 – и Аллах Всевышний ответил: “Конечно”, приняв молитвы и просьбы, с полной искренностью произнесённые Его верующими рабами» (Муслим: 329; Ахмад: 9344).

  1. 1«Бақара» сүресі, 284-аят
  2. 2«Бақара» сүресі, 285-аят
  3. 3«Бақара» сүресі, 286-аят
  1. 1Сура «Бакара», аят 284.
  2. 2Сура «Бакара», аят 285.
  3. 3Сура «Бакара», аят 286.