عَنْ أَبِى جعفر عَبْد اللَّهِ بْنِ جعفر، قَالَ: أردفنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ خَلْفَهُ، وَأسَرَّ إِليَّ حَدِيثًا لَا أُحَدِّثُ بِهِ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ، وَكَانَ أحَبَّ مَا اسْتَتَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحاجَتِهِ هَدَفٌ أَوْ حَائِشُ نَخْلٍ. يَعنِى: حَائِطَ نَخْلٍ
حَائِشُ نَخْلٍ – فَدَخَلَ حَائِطًا لِرَجُلٍ مِنَ الْأنْصَارِ، فَإِذَا فِيهِ جَمَلٌ، فَلَمَّا رَأَى رَسُولَ اللَّه ﷺ جَرْجَرَ وذَرَفَتْ عَيْنَاهُ، فَأتَاهُ النَّبِيُّ ﷺ فَمَسَحَ سَرَاتَهُ – أيْ: سِنَامَهُ – وَذِفْرَاهُ فَسَكَنَ، فَقَالَ: «مَنْ رَبُّ هَذَا الْجَمَلِ؟ لِمَنْ هَذَا الْجَمَلُ؟» فَجَاءَ فَتَىً مِنَ الْأنْصَارِ، فَقَالَ: هَذَا لِى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «أَفَلَا تَتَّقِى اللَّهَ فِى هَذِهِ الْبَهِيمَةِ الَّتِى مَلَّكَكَ اللَّهُ إِيَّاهَا؟ فَإِنَّهُ يَشْكُو إِلَيَّ أَنَّكَ تُجِيعُهُ وتُدْئِبُهُ»
Абдуллаһ ибн Жағфар (р.а.): «Бір күні Алла елшісі ﷺ мені артына мінгестіріп алды да, маған бір сыр айтты. Ал мен ол сырды ешкімге айтқан емеспін. Әдетте, Алла елшісі дәретке шыққанда, биік төбенің артына немесе құрма бақшасына жасырынғанды ұнататын. Бірде ол ансарлық бір кісінің құрма бақшасына кіргенде, ішінде бір түйені көреді. Әлгі түйе Пайғамбарымызды көре салысымен, боздай жөнелді де, қос жанары мөлтілдеген жасқа толды. Расулалла оның қасына барып, өркеші мен құлағының түбінен сипағанда, бірден тынышталды. Содан Расулалла: «Мына түйенің иесі кім? Мына түйе кімдікі?» – деп сұрады. Ансарлық бір жас жігіт келіп: «Уа, Расулалла! Бұл менің түйем еді», – деді. Расулалла оған: «Алла Тағала саған нәсіп еткен мына жануар үшін Алладан қорықпайсың ба? Бұл жануар маған сенің оны аш қалдырып әрі ауыр жұмысқа салып әбден зорықтырғаныңды айтып, мұңын шағып тұр», – деп ескертті», – деген (Әбу Дәуіт, 44).
Абдуллах ибн Джафар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ посадил меня позади себя и поведал мне одну тайну, которую я никому не рассказывал. Когда Посланник Аллаха ﷺ отправлялся справить нужду, он обычно укрывался за высоким холмом или в финиковой роще. Однажды он вошёл в финиковую рощу одного из ансаров и увидел там верблюда. Как только верблюд увидел Пророка ﷺ, он жалобно заревел, а его глаза наполнились слезами. Посланник Аллаха ﷺ подошёл к нему и погладил его по горбу и у основания ушей, после чего тот сразу успокоился. Затем Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кто хозяин этого верблюда? Кому принадлежит этот верблюд?” Подошёл один юноша из ансаров и сказал: “О Посланник Аллаха! Это мой верблюд”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ предостерёг его: “Неужели ты не боишься Аллаха в обращении с этим животным, которое Аллах Всевышний даровал тебе? Оно жалуется мне на то, что ты моришь его голодом и доводишь до изнеможения тяжёлой работой”» (Абу Дауд: 44).