عَنِ ابْنِ عمرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لأَصْحَابِهِ – يعْنِى لَمَّا وَصَلُوا الْحِجْرَ – دِيَارَ ثَمُودَ -: «لَا تَدْخُلُوا عَلَى هَؤُلَاءِ الْمُعَذَّبِينَ إِلَّا أَنْ تَكُونُوا بَاكِينَ، فَإِنْ لَمْ تَكُونُوا بَاكِينَ، فَلَا تَدْخُلُوا عَلَيْهِمْ، لَا يُصِيبُكُمْ مَا أَصَابَهُمْ»
وَفِى رِوَايَةٍ قَالَ: لَمَّا مَرَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالحِجْرِ، قَالَ: «لَا تَدْخُلُوا مَسَاكِنَ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ، أَنْ يُصِيبَكُمْ مَا أَصَابَهُمْ، إِلَّا أَنْ تَكُونُوا بَاكِينَ» ثُمَّ قَنَّع رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، رَأسَهُ وأسْرَعَ السَّيْرَ حَتَّى أجَازَ الْوَادِي
Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ сахабаларымен бірге Алланың қаһарына ұшыраған Сәмуд қауымының бір кездегі мекені Хижр деп аталатын жерге жеткенде: «Мына азапқа ұшыраған қауымның жұртынан өткенде, міндетті түрде көздеріңе жас алып, (күнәларың үшін тәубе етіп, Аллаға сиынып) жылап өтіңдер. Егер жыламайтын болсаңдар, солардың басына келген ауыр азап сендердің де бастарыңа келмес үшін олардың мекеніне аяқ баспаңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари, 433; Муслим, 2980).
Басқа бір хадисте Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ Хижр деген жерден өтіп бара жатып: «Күнәға батып, өз-өздеріне зұлымдық қылғандардың жұрттарына, олардың бастарына келген қасірет сендердің де бастарыңа келмес үшін көздеріңе жас алмай кірмеңдер», – деп айтты. Содан соң басын орап алды да, сол алқаптан өтіп кеткенше жүрісін жылдамдатты», – деген.
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ вместе со своими сподвижниками достиг Хиджра – места, где некогда обитал народ Самуд, подвергшийся гневу Аллаха, – он сказал: “Проходя через жилища этого народа, подвергнутого наказанию, непременно проливайте слёзы (каясь в своих грехах и прибегая к защите Аллаха). Если же вы не плачете, то не вступайте в их жилища, чтобы вас не постигло то же тяжкое наказание, которое постигло их”» (Аль-Бухари: 433; Муслим: 2980).
В другом хадисе Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, проходя через Хиджр, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не входите без слёз в жилища тех, кто погряз в грехах и поступил несправедливо по отношению к самим себе, чтобы вас не постигло то же бедствие, которое постигло их”. Затем он прикрыл голову и ускорил шаг, пока не миновал эту долину».
Түсіндірме (қазақша)
Хақ Тағаланың қаһарына ұшырап, азап шеккен қауымдардың жұрты жын-шайтанның мекеніне айналған болуы мүмкін, сондықтан аталмыш жерлерден өткенде жын-шайтанның кесірінен сақтану үшін Аллаға сиыну керек.
Түсіндірме (орысша)
земли народов, навлекших на себя гнев Всевышнего Аллаха и подвергшихся наказанию, могли превратиться в обиталища джиннов и шайтанов. Поэтому, проходя через такие места, следует обращаться к Аллаху за защитой от вреда джиннов и шайтанов.
ПРАВИЛА ПОВЕДЕНИЯ В ПУТИ