Хадис

Балалары жастай қайтыс болған жандардың артықшылығы жайында

О достоинстве людей, чьи дети умерли в раннем возрасте

Риядус-салихин, 164-тақырып · 3 хадис · № 953–955

Хадистер

953
Риядус-салихин, № 953Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مُسْلِمٍ يَمُوتُ لَهُ ثَلَاثَةٌ لَمْ يَبْلُغوا الْحِنْثَ إِلَّا أدْخَلَهُ اللَّهُ الْجَنَّةَ بِفَضْلِ رَحْمَتِهِ إِيَّاهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бірде: «Қайсыбір мұсылманның үш баласы бірдей кәмелетке толмай жатып көз жұмса, сол бауыр еті балаларына деген мейірімі себепті, Алла оны жаннатқа кіргізеді», – деп айтты», – деген (Бұхари, 1248).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если у какого-либо мусульманина умрут трое детей, не достигнув половой зрелости, Аллах введёт его в рай по Своей милости к этим его детям”» (Аль-Бухари: 1248).

954
Риядус-салихин, № 954Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَمُوتُ لأَحَدٍ مِنَ الْمُسْلِمِينَ ثَلَاثَةٌ مِنَ الْوَلَدِ لَا تَمسُّهُ النَّارُ إِلَّا تَحِلَّةَ الْقَسَمِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір мұсылманның балиғат жасына жетпеген үш баласы өзінен бұрын дүние салса, (тағдырына налымай, сабыр еткендіктен), тозақ оты оған Алланың антының орындалуы үшін (сәл ғана) тиіп өтеді», – деп айтты», – делінген (Бұхари, 1251; Муслим, 2632).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если у какого-либо мусульманина трое детей, не достигших возраста половой зрелости, умрут раньше него, то (за то, что он не станет роптать на судьбу и проявит терпение) огонь ада коснётся его лишь во исполнение клятвы Аллаха (и то лишь слегка)» (Аль-Бухари: 1251; Муслим: 2632).

955
Риядус-салихин, № 955Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَهبَ الرِّجَالُ بِحَدِيثكَ، فَاجْعَلْ لَنَا مِنْ نَفْسِكَ يَوْمًا نَأتِيكَ فِيهِ تُعَلِّمُنَا مِمَّا عَلَّمَكَ اللَّهُ، قَالَ: «اجْتَمِعْنَ يَوْمَ كَذَا وَكَذَا» فَاجْتَمَعْنَ، فَأَتَاهُنَّ النَّبِيُّ ﷺ فَعَلَّمَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَهُ اللَّهُ، ثُمَّ قَالَ: «مَا مِنْكُنَّ مِنِ امْرَأَةٍ تُقَدِّمُ ثَلَاثَةً مِنَ الْوَلَدِ إِلَّا كَانُوا لَهَا حِجَابًا مِنَ النَّارِ» فَقَالَتِْ امْرَأَةٌ: وَاثْنَينِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَاثْنَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісіне ﷺ бір әйел келіп: «Уа, Расулалла! Сізбен тек ер кісілер ғана сөйлесетін болды, бізге де Алланың өзіңізге үйреткенін үйретуіңіз үшін бір күн арнаңызшы!» – деп өтінгенде, оған: «(Олай болса) пәлен күні жиналыңдар», – деді. Содан межелі күні әйелдер жамағаты жиналғанда, Пайғамбарымыз оларға келіп, Алланың өзіне үйреткенін үйретті. Сосын: «Араларыңдағы қайсыбір әйел үш баласынан айырылатын болса, сол балалары оған тозақ отына қарсы қорған болады», – деді. Сонда бір әйел: «Екі бала болса ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Екеу болса да», – деп айтты» (Бұхари, 1249; Муслим, 2633).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ пришла женщина и попросила: “О Посланник Аллаха! С Вами беседуют лишь мужчины. Выделите и для нас один день, чтобы научить нас тому, чему научил Вас Аллах!” Он ответил ей: “(В таком случае) соберитесь в такой-то день”. В назначенный день женщины собрались, и Пророк ﷺ пришёл к ним и научил их тому, чему научил его Аллах. Затем он сказал: “Если какая-либо из вас потеряет троих детей, они станут для неё защитой от огня ада”. Одна женщина спросила: “А если детей будет двое?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Даже если двое”» (Аль-Бухари: 1249; Муслим: 2633).