Хадис

Риядус-салихин, № 914

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
148. Науқастың отбасына және күтушісіне, науқасқа жақсы қарап, оның ауыртпалығына сабыр ету керектігін айту, сондай-ақ хад немесе қысас жазасына кесіліп, өлім аузында тұрған адамға насихат және жұбату айту жайында
Нөмірі
№ 914 (қазақша басылым реті)
914
Риядус-салихин, № 914Риуаят етуші: Имран ибн әл-Хусайн

عَنْ عِمْران بْنِ الْحُصَيْنِ أَنَّ أمْرَأَةً مِنْ جُهَيْنَةَ أتَت النَّبِيَّ ﷺ وَهِيَ حُبْلَى مِنَ الزِّنَا، فَقَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أصَبْتُ حَدًّا فَأقِمْهُ عَلَيَّ، فَدَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَلِيَّهَا، فَقَالَ: «أحْسِنْ إِلَيْهَا، فَإِذَا وَضَعَتْ فَأتِنِى بِهَا» فَفَعَلَ، فَأَمَرَ بِهَا النَّبِيُّ ﷺ، فَشُدَّتْ عَلَيْهَا ثِيَابُهَا، ثُمَّ أَمَرَ بِهَا فَرُجِمَت، ثُمَّ صَلَّى عَلَيْهَا

Қазақша аудармасы

Имран ибн әл-Хусайннен (р.а.) жеткен хадисте, жуһайна руынан бір әйел зинадан жүкті болған күйде Пайғамбамбарымызға ﷺ келіп жолығады. Сөйтіп: «Уа, Расулалла! Жазаға лайықты іс жасап қойдым. Енді соның жазасын маған беріңіз!» – дейді. Сонда Алла елшісі оның жауапты туысын шақыртып: «Оған жақсылап қара. Құрсағындағы баласын босанғаннан кейін маған ертіп келгін», – деп тапсырады. Әлгі кісі Алла елшісінің ﷺ айтқанын істейді. Сосын Алла елшісі әлгі әйелдің әуреті ашылып кетпейтіндей етіп көйлегін денесіне байлауды бұйырады. Содан соң оған тас боран жасауды әмір етеді. Іс тәмам болғаннан кейін Алла елшісінің ﷺ өзі оған жаназа намазын оқиды1. (Муслим: 4433; Ахмад: 19861).

Орысша аудармасы

Имран ибн аль-Хусайн (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что однажды к Пророку ﷺ пришла женщина из племени Джухайна, забеременевшая вследствие прелюбодеяния. Она сказала: «О Посланник Аллаха! Я совершила поступок, заслуживающий наказания. Подвергни же меня этому наказанию!» Тогда Посланник Аллаха ﷺ вызвал её близкого родственника, отвечавшего за неё, и велел ему: «Хорошо заботься о ней, а когда она родит ребёнка, приведи её ко мне». Тот человек исполнил повеление Посланника Аллаха ﷺ. Затем Посланник Аллаха ﷺ велел плотно закрепить платье женщины на её теле, чтобы не обнажились части тела, которые надлежит скрывать, после чего распорядился подвергнуть её побиванию камнями. Когда наказание было исполнено, Посланник Аллаха ﷺ сам совершил по ней погребальную молитву1 (Муслим: 4433; Ахмад: 19861).

  1. 1Хадистің жалғасы: «Сол кезде Омар (р.а.): «Уа, Расулалла! Ол зина жасаған болса да оған жаназа оқисыз ба?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Расында, ол сондай тәубе етті, егер де оның сол тәубесі Мәдина жұртынан жетпіс бірдей адамға бөлінетін болса, бәріне жеткілікті болатын еді. Алланың разылығы үшін өз жанын құрбан етуінен абзал нәрсе бар ма!» – деген».
  1. 1Продолжение хадиса: «Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) спросил: “О Посланник Аллаха! Ты совершаешь по ней погребальную молитву, хотя она совершила прелюбодеяние?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Поистине, она принесла такое покаяние, что, если разделить его между семьюдесятью жителями Медины, его хватило бы им всем. Разве есть что-либо лучше того, что она пожертвовала собственной жизнью ради довольства Аллаха?”»