عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى وأبي هُرَيْرَة: أَنَّهُمَا شَهِدَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَاللَّهُ أَكْبَرُ، صَدَّقَهُ رَبُّهُ، فَقَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا وَأَنَا أَكْبَرُ. وَإِذَا قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، قَالَ: يَقُولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا وَحْدِى لَا شَرِيكَ لِى. وَإِذَا قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا لِيَ الْمُلْكُ وَلِيَ الْحَمْدُ. وَإِذَا قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بي» وَكَانَ يقُولُ: «مَنْ قَالَهَا فِى مَرَضِهِ ثُمَّ مَاتَ لَمْ تَطْعَمْهُ النَّارُ»
Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің ﷺ былай дегеніне куә болған: «Кімде-кім: «Алладан басқа тәңір жоқ және Алла ұлық!» – десе, Раббысы оның сөздерін растап: «Менен басқа тәңір жоқ және Мен бәрінен ұлықпын!» – дейді. Пенде: «Бір Алладан өзге тәңір жоқ, Оның серігі жоқ!» – десе, Раббысы: «Бір Өзімнен өзге тәңір жоқ, серігім де жоқ!» – дейді. Адам: «Алладан басқа тәңір жоқ, бар билік пен бар мадақ бір Өзіне тиесілі!» – десе, Раббысы: «Менен басқа тәңір жоқ, бар билік пен бар мадақ бір Өзіме тиесілі!» – дейді. Пенде: «Алладан өзге тәңір жоқ және Алланың құдіретінен асатын ешқандай күш те, қуат та жоқ!» – десе, Раббысы: «Менен өзге тәңір жоқ және Менің құдіретімнен асатын күш те, қуат та жоқ!» – деп айтады». Сондай-ақ ол: «Кімде-кім науқастанып жатқанда осынау сөздерді айтып, содан кейін жан тапсырса, оны (тозақ) оты шалмайды», – деп айтатын (Тирмизи, 3426).
Абу Саид аль-Худри и Абу Хурайра (да будет доволен ими обоими Аллах) засвидетельствовали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда человек произносит: “Нет божества, кроме Аллаха, и Аллах Велик!”, его Господь подтверждает сказанное им и говорит: “Нет божества, кроме Меня, и Я превыше всего!” Когда раб произносит: “Нет божества, кроме Единого Аллаха, и нет у Него сотоварища!”, его Господь говорит: “Нет божества, кроме Меня Единого, и нет у Меня сотоварища!”
Когда человек произносит: “Нет божества, кроме Аллаха, вся власть и вся хвала принадлежат Ему одному!”, его Господь говорит: “Нет божества, кроме Меня, вся власть и вся хвала принадлежат Мне одному!” Когда раб произносит: “Нет божества, кроме Аллаха, и нет силы и могущества иначе как благодаря Аллаху!”, его Господь говорит: “Нет божества, кроме Меня, и нет силы и могущества иначе как благодаря Мне!”» Посланник Аллаха ﷺ также говорил: «Если человек произнесёт эти слова во время болезни, а затем умрёт, огонь (ада) не коснётся его» (Ат-Тирмизи: 3426).