Хадис

Науқастың көңілін сұрау, мәйіттің жаназасын оқып, арулап жерлеу және жерлеген соң қабірінің басында біраз уақыт болу жайында

О посещении больного, совершении погребальной молитвы по умершему, его погребении с соблюдением всех положенных обрядов и пребывании некоторое время у могилы после похорон

Риядус-салихин, 144-тақырып · 7 хадис · № 895–901

НАУҚАСТЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАУ

Хадистер

895
Риядус-салихин, № 895Риуаят етуші: Бәра

عَنْ الْبَرَاءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بعِيَادَةِ الْمَرِيضِ، وَاتِّبَاعِ الْجَنَازَةِ، وَتَشْمِيتِ الْعَاطِسِ، وَإِبْرَارِ الْمُقْسِمِ، وَنَصْرِ الْمَظْلُومِ، وَإِجَابَةِ الدَّاعِى، وَإِفْشَاءِ السَّلَامِ

Қазақша аудармасы

әл-Бәра ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бізге науқастың көңілін сұрауды, жаназаға қатысуды, түшкіргенге «иархамукалла» (Алла сені мейіріміне бөлесін) деп айтуды, айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп, айтқанына көнуді, жазықсыз жапа шеккен жанға қолұшын беруді, шақырған жерге баруды және бір-бірімізбен амандасуды кеңінен жаюды бұйырды», – деп айтты (Бұхари 1239; Муслим 2066).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ велел нам навещать больных, участвовать в похоронах, говорить чихнувшему: “Ярхамукаллах” (да помилует тебя Аллах), исполнять просьбу человека, который поклялся, добиваясь исполнения своих слов или прося о чём-либо, дабы его клятва не была нарушена, помогать тому, кто безвинно подвергся притеснению, принимать приглашения и широко распространять приветствия между собой» (Аль-Бухари: 1239; Муслим: 2066).

896
Риядус-салихин, № 896Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «حَقُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ خَمْسٌ: رَدُّ السَّلَامِ، وَعِيَادَةُ الْمَرِيضِ، وَاتِّبَاعُ الْجَنَائِزِ، وَإِجَابَةُ الدَّعْوَةِ، وَتَشْمِيتُ الْعَاطِسِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманның өзге мұсылманның алдында бес ақысы бар: Сәлем алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаларға қатысу, шақырғанға бару және түшкіргенге «иархамукалла» деп айту», – деген (Бұхари, 1240; Муслим, 2162).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «У мусульманина есть пять прав, которые другой мусульманин обязан соблюдать по отношению к нему: отвечать на его приветствие, навещать его во время болезни, участвовать в его похоронах, принимать его приглашение и, когда он чихнёт, говорить ему: “Ярхамукаллах”» (Аль-Бухари: 1240; Муслим: 2162).

897
Риядус-салихин, № 897Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: يَا ابْنَ آدَمَ، مَرِضْتُ فَلَمْ تَعُدنِى! قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أعُودُكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟! قَالَ: أمَا عَلِمْتَ أَنَّ عَبْدِى فُلَانًا مَرِضَ فَلَمْ تَعُدْهُ! أمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ عُدْتَهُ لَوَجَدْتَنِى عِنْدَهُ! يَا ابْنَ آدَمَ، اسْتَطْعَمْتُكَ فَلَمْ تُطْعِمنِى! قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أطْعِمُكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟! قَالَ: أمَا عَلِمْتَ أَنَّهُ اسْتَطْعَمَكَ عَبْدِى فُلَانٌ فَلَمْ تُطْعِمْهُ! أمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ أطْعَمْتَهُ لَوَجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِى! يَا ابْنَ آدَمَ، اسْتَسْقَيْتُكَ فَلَمْ تَسْقِنِى! قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أسْقِيكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟! قَالَ: اسْتَسْقَاكَ عَبْدِى فُلَانٌ فَلَمْ تَسْقِهِ! أمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ سَقَيْتَهُ لَوَجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қиямет күні Ұлы Жаратушы Алла Тағала пендесіне: «Уа, Адам баласы! Мен ауырғанда көңілімді сұрамадың», – деп айтады. Мұны естіген пенде: «Уа, Раббым! Сен әлемдердің Раббысысың (кемшілік атаулыдан, ауру-сырқаудан адасың), мен қалайша көңіліңді сұраймын?» – дейді. Сонда Алла Тағала оған: «Пәленше пендемнің ауырып қалғанын білмеуші ме едің? Ол ауырып жатқанда, көңілін сұрамадың. Егер оның көңілін сұрағаныңда, Мені соның қасынан табатыныңды білмедің бе?» – деп айтады. Одан кейін Алла Тағала: «Уа, Адам баласы! Сенен тамақ сұрағанымда, Мені тамақтандырмадың», – дейді. Әлгі пенде: «Уа, Раббым! Сен (ешкімге және еш нәрсеге, соның ішінде ішіп-жеуге мұқтаж болмаған) әлемдердің Раббысысың, мен Өзіңді қалай тамақтандырамын?!» – деп таң қалады. Сонда Раббысы оған: «Пәленше пендем сенен ас-ауқат сұрағанда, оған тамақ бермегенің есіңде ме? Оның қарнын тойдырғаныңда, қарымын Менен алатыныңды білмеуші ме едің?» – деп айтады. Алла Тағала тағы да: «Уа, Адам баласы! Сенен су сұрадым, бермедің», – дейді. Пендесі тағы таң қалып: «Уа, Раббым! Сен (еш нәрсеге, соның ішінде ішіп-жеуге мұқтаж болмаған) әлемдердің Раббысысың ғой! Саған қалай су беремін?» – дейді. Сонда Раббысы оған: «Пәленше пендем сенен су сұрай келгенде, бермедің. Оның шөлін қандырғаныңда, қарымын Менен алатыныңды білмеуші ме едің?» – деп айтады», – деген (Муслим, 43).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Великий Творец – Аллах Всевышний – скажет Своему рабу: “О сын Адама! Я заболел, но ты не навестил Меня”. Услышав это, раб скажет: “О Господь мой! Ты – Господь миров (и превыше всякого недостатка и болезни), как же я мог навестить Тебя?” Тогда Аллах Всевышний скажет ему: “Разве ты не знал, что такой-то Мой раб заболел? Когда он был болен, ты не навестил его. Разве ты не знал, что, если бы ты навестил его, то нашёл бы Меня рядом с ним?”

Затем Аллах Всевышний скажет: “О сын Адама! Я просил тебя накормить Меня, но ты не накормил Меня”. Удивлённый раб скажет: “О Господь мой! Ты – Господь миров (не нуждающийся ни в ком и ни в чём, в том числе в пище и питье), как же я мог накормить Тебя?!” Тогда Господь скажет ему: “Разве ты не помнишь, как такой-то Мой раб просил у тебя еды, а ты не накормил его? Разве ты не знал, что, накормив его досыта, получил бы воздаяние от Меня?”

Затем Аллах Всевышний скажет: “О сын Адама! Я просил у тебя воды, но ты не дал Мне её”. Раб вновь удивится и скажет: “О Господь мой! Ты – Господь миров (не нуждающийся ни в чём, в том числе в пище и питье)! Как же я мог напоить Тебя?” Тогда Господь скажет ему: “Такой-то Мой раб приходил к тебе просить воды, но ты не дал ему. Разве ты не знал, что, утолив его жажду, получил бы воздаяние от Меня?”» (Муслим: 43).

898
Риядус-салихин, № 898Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عُودُوا الْمَرِيضَ، وَأطْعِمُوا الْجَائِعَ، وَفُكُّوا الْعَانِى»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): «Бірде Алла Елшісі ﷺ: «Науқастың көңілін сұраңдар, аш адамды тамақтандырыңдар және тұтқынды босатыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари, 5649).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Навещайте больного, кормите голодного и освобождайте пленников”» (Аль-Бухари: 5649).

899
Риядус-салихин, № 899Риуаят етуші: Сәубан

عَنْ ثوبان عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْمُسْلِمَ إِذَا عَادَ أخَاهُ الْمُسْلِمَ، لَمْ يَزَلْ فِى خُرْفَةِ الْجَنَّةِ حَتَّى يَرْجِعَ» قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا خُرْفَةُ الْجَنَّةِ؟ قَالَ: «جَنَاهَا»

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбар ﷺ: «Бір мұсылман (ауырып жатқан) мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, кері қайтқанға дейін жаннаттың күздігінде болады», – деген. Сонда: «Уа, Расулалла! Жаннаттың күздігі деген не?» – деп сұралғанда: «Жаннаттың уылжыған жемістері», – деген (Муслим, 2568).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Саубаном (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Навещая своего (болеющего) брата-мусульманина, мусульманин будет пребывать среди райского урожая, пока не вернётся». Когда его спросили: «О Посланник Аллаха! Что означает “райский урожай”?», он ответил: «Спелые, сочные плоды рая» (Муслим: 2568).

900
Риядус-салихин, № 900Риуаят етуші: Әли

عَنْ عليّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ مُسْلِم يَعُودُ مُسْلِمًا غُدْوة إِلَّا صَلَّى عَلَيْهِ سَبْعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ حَتَّى يُمْسِى، وَإِنْ عَادَهُ عَشِيَّةً إِلَّا صَلَّى عَلَيْهِ سَبْعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ حَتَّى يُصْبحَ، وَكَانَ لَهُ خَرِيفٌ فِى الْجَنَّةِ»

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): «Бірде мен Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Қайсыбір мұсылман таңертең (ауырып жатқан) мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, ол үшін кешке дейін жетпіс мың періште (күнәларының кешірілуін тілеп) дұға жасайды. Егер ол бауырының көңілін кешке барып сұраса, ол үшін таң атқанша жетпіс мың періште (күнәларының кешірілуін тілеп) дұға жасайды. (Сондай-ақ, оған бұл амалы) үшін жаннаттың уылжыған күзгі жемістері (беріледі)», – деген (Тирмизи, 969).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если какой-либо мусульманин утром навестит своего (заболевшего) брата-мусульманина, то до самого вечера семьдесят тысяч ангелов будут молиться за него (прося Аллаха простить его грехи). Если же он навестит своего брата вечером, то до самого рассвета семьдесят тысяч ангелов будут молиться за него (прося Аллаха простить его грехи). Кроме того, за это деяние ему будут дарованы сочные осенние плоды рая”» (Ат-Тирмизи: 969).

901
Риядус-салихин, № 901Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: كَانَ غُلَامٌ يَهُودِيٌّ يَخْدُمُ النَّبِيَّ ﷺ فَمَرِضَ، فَأتَاهُ النَّبِيُّ ﷺ يَعُودُهُ، فَقَعَدَ عِنْدَ رَأسِهِ، فَقَالَ لَهُ: «أسْلِمْ» فَنَظَرَ إِلَى أبِيهِ وَهُوَ عِنْدَهُ؟ فَقَالَ: أَطِعْ أَبَا الْقَاسِمِ، فَأسْلَمَ، فَخَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ وَهُوَ يَقُولُ: «الحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى أنْقَذَهُ منَ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымызға ﷺ ұлты яһуди бір бала қызмет ететін еді. Бір күні әлгі қызметші бала науқастанып қалды. Расулалла оның көңілін сұрай барғанда, бас жағына келіп отырды да, оған: «Исламды қабылда», – деді. Сонда бала қасында тұрған әкесіне қарады. Әкесі оған: «Қасымның әкесіне бойсұн», – деді. Расулалла сыртқа шығып бара жатқанда: «Оны тозақтан құтқарған Аллаға мың да бір шүкір», – деп айтты», – деген (Бұхари, 80).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «У Пророка ﷺ служил мальчик-иудей. Однажды этот юный слуга заболел. Посланник Аллаха ﷺ пришёл навестить его, сел у его изголовья и сказал: “Прими ислам”. Тогда мальчик посмотрел на своего отца, стоявшего рядом. Отец сказал ему: “Повинуйся отцу Касима”. Мальчик принял ислам. Выходя оттуда, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Безмерная хвала Аллаху, спасшему его от ада!”» (Аль-Бухари: 80).