Хадис

Кездескенде қол беріп амандасу, адамдарға жылы шырай таныту, тақуа ізгі адамды құрметтеп, қолын сүю, баланы жақсы көріп, мейірлене сүю және сапардан келген адамды құшақтап қарсы алу жайында

О рукопожатии при встрече, приветливом отношении к людям, почтительном целовании руки благочестивого праведника, поцелуе ребёнка с любовью и нежностью и объятиях при встрече вернувшегося из путешествия

Риядус-салихин, 143-тақырып · 9 хадис · № 886–894

Хадистер

886
Риядус-салихин, № 886

عَنْ أَبِى الْخطاب قتادة، قَالَ: قُلْتُ لأَنَسٍ: أكَانَتِ الْمُصَافَحَةُ فِى أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ قَالَ: نَعَمْ

Қазақша аудармасы

Әбул Хаттаб Қатада: «Бірде мен Әнәстен (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ сахабаларында қол алысып амандасу болған ба еді?» – деп сұрағанымда, ол: «Иә», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, 6263).

Орысша аудармасы

Абу аль-Хаттаб Катада сказал: «Однажды я спросил Анаса (да будет доволен им Аллах): “Приветствовали ли друг друга рукопожатием сподвижники Посланника Аллаха ﷺ?” Он ответил: “Да”» (Аль-Бухари: 6263).

887
Риядус-салихин, № 887Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس، قَالَ: لَمَّا جَاءَ أَهْلُ الْيَمَنِ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَدْ جَاءكُمْ أَهْلُ الْيَمَنِ» وَهُمْ أَوَّلُ مَنْ جَاءَ بِالمُصَافَحَةِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бізге иемендіктер келгенде Алла елшісі ﷺ: «Сендерге иемендіктер келді, қол алысып амандасуды ең алғаш бастаған – міне, солар», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, 5213).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда к нам прибыли йеменцы, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “К вам прибыли йеменцы”. Именно они первыми стали приветствовать друг друга рукопожатием» (Абу Дауд: 5213).

888
Риядус-салихин, № 888Риуаят етуші: Бәра

عَنْ الْبراءِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مُسْلِمَينِ يَلْتَقِيَانِ فَيَتَصَافَحَانِ إِلَّا غُفِرَ لَهُمَا قَبْلَ أَنْ يَفْتَرِقَا»

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Екі мұсылман кездескенде, емен-жарқын бір-біріне қол беріп, амандық-саулық сұрасса, қош айтыспай тұрып екеуінің де күнәлары кешіріледі», – деп айтты (Әбу Дәуіт, 143).

Орысша аудармасы

Аль-Бара (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда двое мусульман встретятся, радушно пожмут друг другу руки и спросят друг друга о здоровье и благополучии, грехи обоих будут прощены ещё до того, как они попрощаются» (Абу Дауд: 143).

889
Риядус-салихин, № 889Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرَّجُلُ مِنَّا يَلْقَى أخَاهُ، أَوْ صَدِيقَهُ، أينحَنِى لَهُ؟ قَالَ: «لَا». قَالَ: أفَيَلْتَزِمُهُ وَيُقَبِّلُهُ؟ قَالَ: «لَا» قَالَ: فَيَأْخُذُ بِيَدِهِ وَيُصَافِحُهُ؟ قَالَ: «نَعَمْ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде біреу: «Уа, Расулалла! Бізден бір адам бауырын немесе досын жолықтырғанда иіліп сәлем берсе бола ма?» – дегенде, Алла елшісі ﷺ: «Жоқ», – деді. Әлгі кісі: «Құшақтап, бетінен сүйсе ше?» – деп тағы сұрағанда, Алла елшісі: «Жоқ», – деді. Сонда ол: «Қол алысып амандасса ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Иә, қол алысса болады», – деп айтты», – деген (Тирмизи, 31).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один человек спросил: “О Посланник Аллаха! Можно ли кому-либо из нас при встрече с братом или другом поклониться ему в знак приветствия?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет”. Тогда тот человек снова спросил: “А обнять его и поцеловать в щёку?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет”. Тогда он спросил: “А пожать ему руку?” Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Да, можно пожать друг другу руки”» (Ат-Тирмизи: 31).

890
Риядус-салихин, № 890Риуаят етуші: Сафуан ибн Ассал

عَنْ صَفْوَانَ بْنِ عَسَّالٍ قَالَ: قَالَ يَهُودِيٌّ لِصَاحِبِهِ: اذْهَبْ بِنَا إِلَى هَذَا النَّبِيِّ، فَأتَيَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَسَألاهُ عَنْ تِسْعِ آياتٍ بَيِّنَاتٍ...

فَذَكَرَ الْحَدِيث إِلَى قَوْلهِ: فقَبَّلا يَدَهُ وَرِجْلَهُ، وقالا: نَشْهَدُ أَنَّكَ نَبِيٌّ

Қазақша аудармасы

Сафуан ибн Ассал (р.а.) былай деген: «Бір яһуди жолдасына: «Менімен бірге әлгі пайғамбарға жүрші» деп, екеуі Алла елшісінен ﷺ одан: «Тоғыз мұғжиза» жайлы сұрайды», – деп, хадисті толығымен баяндай келе: «Сөйтіп екеуі Алла елшісінің қол-аяғын сүйіп: «Сіздің шынымен пайғамбар екендігіңізге куә боламыз!» – деп айтты». (Тирмизи, 2734).

Орысша аудармасы

Сафван ибн Ассаль (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один иудей сказал своему товарищу: “Пойдём со мной к тому пророку”. Затем они вдвоём пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и спросили его о “девяти явных знамениях”». Передав хадис полностью, Сафван сказал: «После этого они поцеловали руки и ноги Посланника Аллаха ﷺ и сказали: “Свидетельствуем, что вы поистине пророк!”» (Ат-Тирмизи: 2734).

891
Риядус-салихин, № 891

عَنِ ابْنِ عُمَرَ قِصَّة، قَالَ فِيهَا: فَدَنَوْنَا مِنَ النَّبِيِّ ﷺ فَقَبَّلْنَا يَدَه

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) бір қиссасында: «Біз Пайғамбарымызға ﷺ жақындап келдік те, қолын сүйдік», – деп айтқан (Әбу Дәуіт, 5223).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах), рассказывая об одном событии, сказал: «Мы подошли к Пророку ﷺ и поцеловали его руку» (Абу Дауд: 5223).

892
Риядус-салихин, № 892Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَدِمَ زَيْدُ بْنُ حَارِثَةَ الْمَدِينَةَ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى بَيْتِى، فَأتَاهُ فَقَرَعَ الْبَابَ، فَقَامَ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ يَجُرُّ ثَوْبَهُ، فَاعْتَنَقَهُ وَقَبَّلَهُ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Зәйд ибн Хариса Мәдинаға оралғанда, Алла елшісі ﷺ менің үйімде еді. Зәйд ешқайда бұрылмастан, Алла елшісіне сәлем бере келіп, есікті қақты. Расулалла (кіруге рұқсат сұрап, босағада тұрған) Зәйдті көргенде, орнынан түрегеліп, шапанын сүйрете алдынан шығып құшақтап, бетінен сүйіп қарсы алды», – деп айтты (Тирмизи, 32).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда Зайд ибн Хариса вернулся в Медину, Посланник Аллаха ﷺ находился в моём доме. Зайд, нигде не задерживаясь, сразу пришёл поприветствовать Посланника Аллаха и постучал в дверь. Увидев Зайда (который, попросив разрешения войти, стоял у порога), Посланник Аллаха поднялся со своего места, вышел ему навстречу, волоча за собой полы плаща, обнял его и поцеловал в щёку» (Ат-Тирмизи: 32).

893
Риядус-салихин, № 893Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذَرٍّ قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحقِرَنَّ منَ الْمَعرُوف شَيْئًا، وَلَوْ أَنْ تَلْقَى أخَاكَ بِوَجْهٍ طَلْقٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған: «Бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу болса дағы, жақсылық атаулының ешбірін мардымсыз санама», – деп айтты», – деген (Муслим, 2626).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Не считай незначительным ни одно доброе дело, даже если оно заключается лишь в том, чтобы встретить своего брата с приветливым лицом”» (Муслим: 2626).

894
Риядус-салихин, № 894Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَبَّلَ النَّبِيُّ ﷺ الْحَسَنَ بنَ عَلِيٍّ، فَقَالَ الْأقْرَعُ بْنِ حَابِسٍ: إِنَّ لِى عَشْرَةً مِنَ الْوَلَدِ مَا قَبَّلْتُ مِنْهُمْ أَحَدًَا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ لَا يَرْحَمْ لَا يُرْحَمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ қасында отырған Ақрағ ибн Хабистің көзінше немересі Хасан ибн Алиді (р.а.) емірене сүйген еді. Сонда Ақрағ оған: «Менің он балам бар. Алайда олардың ешбірін еркелетіп, сүйген емеспін», – деді. Сонда Расулалла: «Мейірімділік танытпаған – мейірімге бөленбейді», – деп айтты», – деген (Бұхари, 18; Муслим, 65).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ с нежностью поцеловал своего внука Хасана ибн Али (да будет доволен им Аллах) в присутствии сидевшего рядом Акры ибн Хабиса. Тогда Акра сказал ему: “У меня десять детей, но я ни разу не приласкал и не поцеловал ни одного из них”. Посланник Аллаха ответил: “Кто не проявляет милосердия, тот не удостоится милосердия”» (Аль-Бухари: 18; Муслим: 65).

КНИГА О ПОСЕЩЕНИИ БОЛЬНОГО