عَنْ أَبِى جُحَيْفَة وَهْب بْنِ عبد اللَّهِ، قَالَ: آخَى النَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ سَلْمَانَ وَأَبِى الدَّرْدَاءِ، فَزارَ سَلْمَانُ أَبَا الدَّرْدَاءِ فَرَأَى أُمَّ الدَّرْدَاءِ مُتَبَذِّلَةً، فَقَالَ: مَا شَأنُكِ؟ قَالَتْ: أخُوكَ أَبُو الدَّرْدَاءِ لَيْسَ لَهُ حَاجَةٌ فِى الدُّنْيَا، فَجَاءَ أَبُو الدَّرْدَاءِ فَصَنَعَ لَهُ طَعَامًا، فَقَالَ لَهُ: كُلْ فَإِنِّى صَائِمٌ، قَالَ: مَا أنا بِآكِلٍ حَتَّى تَأكُلَ فأكل، فَلَمَّا كَانَ اللَّيْلُ ذَهَبَ أَبُو الدَّرْدَاءِ يَقُومُ فَقَالَ لَهُ: نَمْ، فنام، ثُمَّ ذَهَبَ يَقُومُ فَقَالَ لَهُ: نَمْ. فَلَمَّا كَانَ من آخِر اللَّيْلِ قَالَ سَلْمَانُ: قُم الآن، فَصَلَّيَا جَمِيعًا فَقَالَ لَهُ سَلْمَانُ: إِنَّ لِرَبِّكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَإِنَّ لِنَفْسِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَلأَهْلِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، فَأعْطِ كُلَّ ذِى حَقٍّ حَقَّهُ، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «صَدَقَ سَلْمَانُ»
Әбу Жухәйфа Уәһб ибн Абдуллаһ (р.а.) былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ Салман мен Әбу Дәрданы бір-біріне бауыр қылған еді. Бірде Салман Әбу Дәрданың хал-жағдайын білу үшін оның үйіне барады. Содан бауырының әйелі Үммі Дәрданың күтімсіз, ұсқынсыз күйде жүргенін көреді. Салман оған: «Саған не болған, мына түрің не?» – дегенде, байғұс әйел: «Бауырың Әбу Дәрда бұл дүниенің ешбір қызығын еш қажетсінбейтін (елемейтін) болды», – деп шағымданады. Сөйткенше Әбу Дәрданың өзі де келеді. Ол бауырына арнайы тамақ пісіртіп, алдына қояды да: «Астан алып отыр, менің аузым берік», – дейді. Сонда Салман оған: «Сен жемейінше, мен де жемеймін», – дейді. Амалы құрыған Әбу Дәрда (нәпіл оразасын бұзып, қонақпен бірге) ас ішеді. Содан (кеш батады) түннің бір уағында Әбу Дәрда тұрып, (нәпіл) намаз оқымақшы болады. Салман оған: «Біраз жатып ұйықта», – дейді. Ол (бауырының сөзін екі етпей) жатып ұйықтайды. Біраз уақыт өткен соң, Әбу Дәрда тағы да намаз оқуға тұрмақшы болады, Салман оған: «Әлі де жата тұр», – деп, қайта жатқызады. Түннің соңғы бөлігі болғанда, Салман оған: «Ал енді тұр», – дейді де, екеуі бірге түнгі намазды оқиды. Намаздан кейін Салман бауырына: «Шынында, Раббыңның сенде ақысы болғандай, нәпсіңнің де ақысы бар, отбасыңның да ақысы бар! Олай болса, әрбір ақы иесінің өз ақысын бер», – деп насихат айтады. Соның артынша Әбу Дәрда Пайғамбарымызға барып, болған жайды баяндап береді. Сонда Пайғамбарымыз оған: «Салман рас айтқан», – дейді». (Бұхари: 1968).
Абу Джухайфа Вахб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Пророк ﷺ побратал Салмана и Абу Дарду. Однажды Салман пришёл к Абу Дарде, чтобы узнать, как он поживает. Увидев жену своего брата, Умм Дарду, неухоженной и неопрятной, он спросил её: “Что с тобой? Почему ты так выглядишь?” Бедная женщина пожаловалась: “Твоего брата Абу Дарду больше не интересуют никакие радости этого мира (он совсем не обращает на них внимания)”. Тем временем пришёл и сам Абу Дарда. Он велел приготовить еду специально для своего брата, поставил её перед ним и сказал: “Угощайся, а я пощусь”. Салман ответил: “Пока ты не поешь, я тоже не стану есть”. Не имея иного выхода, Абу Дарда поел (прервав добровольный пост и разделив трапезу с гостем).
Затем (когда наступила ночь) в один из её часов Абу Дарда встал, намереваясь совершить (добровольную) молитву. Салман сказал ему: “Ляг и немного поспи”. Абу Дарда (не переча брату) лёг и уснул. Спустя некоторое время он снова хотел подняться на молитву, но Салман сказал ему: “Полежи ещё”, – и вновь уложил его. Когда наступила последняя часть ночи, Салман сказал: “А теперь вставай”, – после чего они вместе совершили ночную молитву.
После молитвы Салман наставил своего брата: “Поистине, у твоего Господа есть право на тебя, у твоей души есть право на тебя и у твоей семьи есть право на тебя! Поэтому отдавай каждому обладателю права то, что ему причитается”. Вслед за этим Абу Дарда пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему обо всём произошедшем. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Салман сказал правду”» (Аль-Бухари: 1968).