Хадис

Риядус-салихин, № 143

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
14. Құлшылықта селқостық пен әсірелік танытпай ортан жолды ұстану
Нөмірі
№ 143 (қазақша басылым реті)
143
Риядус-салихин, № 143Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: جَاءَ ثَلَاثَةُ رَهْطٍ إِلَى بُيُوتِ أَزْوَاجِ النَّبِيّ ﷺ يَسْأَلُونَ عَنْ عِبَادَةِ النَّبِيّ ﷺ فَلَمَّا أُخْبِروا كَأَنَّهُمْ تَقَالُّوهَا وَقَالُوا: أَيْنَ نَحْنُ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ وَقدْ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ وَمَا تَأخَّرَ. قَالَ أحدُهُم: أَمَّا أنا فَأُصَلِّى اللَّيْلَ أبدًا. وَقَالَ الآخَرُ: وَأَنَا أصُومُ الدَّهْرَ أَبَدًا وَلا أُفْطِرُ. وَقَالَ الآخر: وَأَنا أعْتَزِلُ النِّسَاءَ فَلَا أتَزَوَّجُ أبَدًا. فجاء رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِليهم، فَقَالَ: «أنْتُمُ الَّذِينَ قُلْتُمْ كَذَا وَكَذَا؟ أَمَا واللَّهِ إِنِّى لأخْشَاكُمْ للهِ، وَأَتْقَاكُمْ لَهُ، لَكِنِّى أصُومُ وَأُفْطِرُ، وأُصَلِّى وَأَرْقُدُ، وَأَتَزَوَّجُ النِّسَاءَ، فَمَنْ رَغِبَ عَنْ سُنَّتِى فَلَيْسَ مِنِّى»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде үш кісі Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларының үйлеріне келіп, олардан Пайғамбарымыздың (үй жағдайындағы) құлшылығы жайлы сұрайды. Оларға сұрағандары жайлы ақпарат берілгенде, (Алла елшісінің құлшылығын) өздерінше қомсынып, аз көріп: «Пайғамбардың қасында біз кімбіз? Оның өткен және алдыдағы күнәлары толықтай кешірілген ғой!1», – десті. Содан олардың біреуі: «Мен бұдан былай өмір бақи түнімен көз шырымын алмастан намаз оқитын боламын», – дейді. Тағы біреуі: «Мен де бұдан былай өмір бойы үзбей ораза ұстаймын», – дейді. Енді біреуі болса: «Мен де бұдан былай әйел атаулыдан оқшауланамын, ешқашан үйленбеймін», – дейді. Артынша мұны естіген Алланың елшісі оларға барып: «Сөйтемін, бүйтемін деп айтқан сендерсіңдер ме? Алланың атымен ант етейін! Мен Алладан бәріңнен көп именетін және бәріңнен де қатты қорқатын жанмын! Сөйте тұра, мен кей күндері ораза ұстап, кей күндері ұстамаймын. Түнде тұрып намаз оқимын, әрі жатып ұйықтаймын. Сондай-ақ әйелдермен үйленіп, отау құрамын. Ендеше, кімде-кім менің осынау сүннетімнен бас тартса, ол менен (яғни, менің жолымда) емес», – деп үшеуіне де қатаң ескерту жасады», – деген. (Бұхари: 5063; Муслим: 3403; Ахмад: 13727).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды трое мужчин пришли к домам жён Пророка ﷺ и стали расспрашивать их о том, как Пророк ﷺ поклоняется Аллаху дома. Когда им рассказали об этом, они сочли такое поклонение малым и сказали: “Кто мы по сравнению с Пророком? Ведь ему полностью прощены прошлые и будущие грехи!1” Тогда один из них сказал: “Отныне всю жизнь я буду проводить ночи в молитве, не смыкая глаз”. Другой сказал: “А я отныне всю жизнь буду поститься без перерыва”. Третий же сказал: “А я отстранюсь от женщин и никогда не женюсь”.

Услышав об этом, Посланник Аллаха ﷺ пришёл к ним и спросил: “Это вы говорили, что будете делать то-то и то-то? Клянусь Аллахом! Поистине, я больше всех вас испытываю благоговейный страх перед Аллахом и сильнее всех вас боюсь Его! И всё же в некоторые дни я соблюдаю пост, а в другие не пощусь; по ночам я встаю на молитву, но также ложусь и сплю; кроме того, я женюсь и создаю семью. Поэтому тот, кто отказывается от этой моей сунны, не имеет ко мне отношения (то есть не следует моим путём)!” – так он строго предостерёг всех троих» (Аль-Бухари: 5063; Муслим: 3403; Ахмад: 13727).

  1. 1Яғни, «пайғамбарымыз ﷺ мағсум болғандықтан күнә атаулыдан толық сақталаған ғой», – десті.
  1. 1То есть они сказали: «Наш Пророк ﷺ непогрешим и потому полностью защищён от любых грехов».